Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Германия табиғи газ тапшылығын жариялады

Германия табиғи газ тапшылығын жариялады

Экономика және климатты қорғау министрі Роберт Хабектің Бундестагтың бюджет комитетіне жолдаған хатында Германияда жылына 11 миллиард текше метр сұйытылған табиғи газ жетіспейтінін айтқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Bild am Sonntag басылымына сілтеме жасап.



Христиан-демократиялық және христиандық әлеуметтік одақ блогының энергетикалық өкілі Марк Хельфриктің айтуынша, сұйытылған табиғи газ импортын қалай арттыруға болатыны әлі белгісіз. Оның айтуынша, Германияның келесі жылыту маусымын қалай еңсеретіні осыған байланысты болмақ.
Хельфрик газ тапшылығына байланысты энергияны қайтадан үнемдеуге тура келетінін және осыған орай өндірістің қысқаратынын атап өтті.
Наурыздың 7-сі күні Германия канцлері Олаф Шольц Германияның қыстың басында кездескен энергетика саласындағы қиындықтарды жеңе алғанын айтты. Сөзінше, жерасты газ қоймасы бастапқыда маусымның соңына дейін 40 пайызға толады деп күтілгенімен, қазіргі толтыру деңгейі 70 пайызды құрап отыр.
12 наурыз 2023 ж. 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930