Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда газ бағасы қымбаттамақ

Қазақстанда газ бағасы қымбаттамақ

Қазақстанда ішкі нарықтағы тауарлық газды көтерме саудада өткізудің жаңа шекті бағалары бекітілді. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат  агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары өңірге байланысты орта есеппен 11 пайызға көтерілді", – делінген ҚР ЭМ баспасөз қызметі хабарламасында.
Министрлік газ бағасын реттеуге қатысты толыққанды ақпарат берді.
"ҚР заңнамасына сәйкес тауарлық газдың көтерме сауда бағасын мемлекеттік реттеуді Энергетика министрлігі, ал бөлшек сауда бағасын мемлекеттік реттеуді Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады. Ішкі нарықта газдың соңғы бағасын ұстап тұру үшін "ҚазТрансГаз" АҚ жыл сайын елдің ішкі нарығын экспорт есебінен субсидиялайды. 2015-2020 жылдар аралығында Ұлттық оператордың ішкі нарықты субсидиялаудан шеккен шығындар сомасы шамамен 425 миллиард теңге болды", – деді Энергетика министрлігі баспасөз қызметі өкілі.
Оған қоса газды көтерме саудада өткізу жолдарына тоқталды.
"Осыған байланысты, тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын қазіргі деңгейде бекіткен жағдайда Ұлттық оператордың шығындары ұлғаяр еді, ал инвестициялық бағдарламалардың орындалмауы ақыр соңында газ құбырларының шектік ақаулар санының артуына әкеп соғады, бұл елімізге орны толмас нұқсан келтірері сөзсіз", – деді Энергетика министрлігі баспасөз қызметі өкілі.

https://stan.kz
04 маусым 2021 ж. 555 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930