Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Париж төрінде Наурыз мерекесі тойланды

Париж төрінде Наурыз мерекесі тойланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурызды мерекелеу қарсаңында Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің аумағында көктемнің үш айының нышаны ретінде үш алма ағашын отырғызу рәсімі өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Бұл мерекені кеңінен атап өтіп, ғасырлар бойы бейбітшілік, өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың әмбебап құндылықтарын болашаққа жеткізетін ортақ дәстүрлерді бөлісетін ЮНЕСКО жанындағы 11 елдің Тұрақты өкілдіктері бірауыздан қолдаған іс-шара қазақстандық тараптың бастамасымен ұйымдастырылды.
Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның Франциядағы Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев еліміздің халықаралық аренасындағы үлкен шиеленіс кезеңінде осындай символикалық ишаратпен олардың бейбітшілік пен келісімде бірге өмір сүруге ұмтылысын көрсеткенін атап өтті. «Ағаш тамырлар арқылы бірігу мен шоғырланумен, сондай-ақ әртүрлілікпен және бұтақтар арқылы жылу мен жарыққа ұмтылумен байланысты», - деді ол.
Өз кезегінде, ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Николас Джеффрис Қазақстанның бастамасын жылы шыраймен қарсы алып, халықтар арасындағы бейбітшілікті бейнелейтін және Ұйымның мақсаттарымен ұштасатын бұл іс-шараның ЮНЕСКО үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл іс-шара маңызды экологиялық түрткіге ие.
20 наурыз 2022 ж. 2 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930