Дәрігер қан қысымы мен холестерин деңгейін төмендететін екі өнімді атады
Жапониялық дәрігер-терапевт Юма Мори қан қысымы мен холестерин жоғарылағанда көмектесетін екі өнім жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Какао мен қара шоколадта көптеп кездесетін флавонол қан тамыры ішінде азот оксидінің синтездейді. Азот оксиді тамырларды кеңейткендіктен, шоколад тұтыну қан қысымының төмендеуіне әсер етеді", - деп мәлімдеді дәрігер.70 мың адам қатысқан швециялық зерттеу нәтижесі бойынша шоколадты үнемі тұтынған адамдарда миокард инфарктының қатері айтарлықтай төмендейтіні анықталды.
Бұдан бөлек шоколад деменцияның алдын алуға көмектеседі және оны түрлі сырқат кезінде профилактика ретінде қолдануға болады.
Дәрігер аса тәтті емес және какао мөлшері жоғары шоколадтардың ғана ағзаға оң әсер ететінін қосып өтті.
"Мен қара шоколадты кеңес етемін. Оның құрамында қант аз және какао көп. Сонымен қатар какое деңгейі 70%-дан асатын шоколадтар да бар", - деді Мори.
Дәрігер-терапевт жаңғақтардың "пайдалы" холестерин деңгейін көбейтінін де айтып өтті. "Зиянды" холестерин мен триглицеридтерді азайтуға грек жаңғақтары мен бадам, фисташка көмектеседі екен.
"Күнделікті бесіндік ас ішетіндер өздерін жақсы сезінуі үшін тәттіден бас тартып, жаңғақ пен шоколад тұтынғаны жөн. Аптасына екі рет болсын, осы өнімдерді өз мәзіріңізге қосыңыз", - деді маман.
https://stan.kz