Африкада коронавирустың 3-ші толқыны шарықтау шегіне жетті
Ұлыбританияда оқушыларға ата-аналарының рұқсатынсыз COVID-19-ға қарсы вакцина салуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
The Telegraph басылымының хабарлауынша, мектеп оқушыларын оқу жылының алғашқы апталарында вакциналау жоспарлануда. Pfizer әзірлеген вакцина 12 жастан асқан балалар арасында қолдануға мақұлданған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның Африкадағы үшінші толқыны жоғары шегіне жеткенін хабарлады. Ұйымның Африка өкілдігінің басшысы Матшидисо Моэти Африка елдерінде халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жақсы қарқынмен жүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, COVID-19 вакцинасының едәуір бөлігі қайырымдылық түрінде берілген. ЕО ересек тұрғындарының үштен екісі COVID-19-ға қарсы толықтай егілді. Толығымен егілген елдердің алғашқы үштігінде Мальта, Ирландия және Дания бар. Мұндай мәліметтер бейсенбіде Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының ресми сайтында жарияланды.
https://www.inform.kz