Соқырлыққа бастауы мүмкін қауіпті паразит табылды
Гад Баннет есімді профессор Израил аумағынан иттің Onchocerca lupi личинкасын жұқтырғанын анықтады. Бұл – алғашқы жағдай. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Yale Journal of Biology and Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Еврей университетінің ауыл шаруашылық факултетінің ветеринария мектебінің профессоры Гад Баннеттің айтуынша, соқыр етіп тастауы мүмкін қауіпті паразиттің Израил аумағынан шығып көрмеген иттен анықталып отыр. Onchocerca lupi – тек соқырлыққа ұрындырып қоймай, сонымен қатар, өзге де ауруларға шалдықтыратын қауіпті ауру әрі адамға жұғуы мүмкін. Аталған паразит бойынан табылған иттің Израил аумағынан ешқайда аттап басып шықпағанына қарап, оны кем дегенде жұқтырған бірнеше ануардың және адамның болуы күмән тудырмайды. Профессордің сөзіне қарағанда, бұл паразит бұрын Израил аумағында кездеспегендіктен аз зерттелген. Шетелден келуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Аталған паразит жұқтырғанда білінетін симптомдары: көздің және айналасындағы тіннің қабынуы, т.б.Адам организіміне тап болса, паразит омыртқаға жылуы мүмкін.