Африкада қар жауып, рекордтық аяз тіркелді
Африканың оңтүстігінде қар жауды. Оңтүстік Африканың орталық бөлігіндегі ауа температурасы тарихта болмаған рекордты жаңартып, минус он градусқа дейін төмендеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
25 шілде, жексенбі күні Оңтүстік Африка республикасының бірнеше қалаларында қар жауып, көктайғаққа байланысты жолдар жабылды.Ал бір күн бұрын Оңтүстік Африканың 19 аймағында бұрын-соңды болмаған ең төменгі температура тіркелді. Елдің орталық бөлігінде орналасқан Кимберли қаласында және оған іргелес аудандарда метеорологиялық бақылаулардың барлық кезеңінде алғаш рет ауа температурасы минус 9,9 градусқа дейін төмендеді.
Ал Йоханнесбургте жеті градус аяз тіркелді. Бұл 1995 жылдың 19 шілдесінде тіркелген алдыңғы рекордтан минус 6,3 градусқа суық. Синоптиктердің болжамынша, төмен температура Оңтүстік Африкада тағы бір аптаға созылады.
SAW Оңтүстік Африка метеорологиялық қызметінің синоптигі Лулама Темат қардың жаууына Оңтүстік Атлантикадан суық ауаның қозғалуы себеп болғанын айтты. Бұл мұздату деңгейінің құрлыққа жетуіне әкеліп, жауған жаңбыр қарға айналды.
https://stan.kz