Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Audi енді электромобильдер ғана шығарады

Audi енді электромобильдер ғана шығарады

Жаңа e-tron GT, RS e-tron GT, Q4 e-tron және Q4 Sportback e-tron-мен бірге Audi 2021 жылы жанармаймен жұмыс жасайтын модельдерге қарағанда көбірек электромобильдер шығармақ, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап. Немістің Audi автомобиль өндірушісі ішкі жану қозғалтқышы бар автомобильдерден толығымен бас тартады. Барлық жаңа модельдер 2026 жылдан бастап электромобильдер болады, ал дәстүрлі автомобильдер 2033 жылға қарай біртіндеп жойылады. Алайда Қытайдағы жоғары сұранысқа байланысты мұндай машиналар жергілікті серіктестік зауыттарда 2033 жылдан кейін де шығарыла беруі мүмкін. Бұл туралы концерн басшысы Маркус Дюзманн Берлинде өткен климаттық конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды компанияның сайты. 2025 жылға қарай Audi желісінде электромобильдердің 20-дан астам моделі болады деп күтілуде.  

https://24.kz​​​
23 маусым 2021 ж. 537 0