Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Стивен Хокинг өлерінен екі апта бұрын адамзаттың жойылатынын болжады

Стивен Хокинг өлерінен екі апта бұрын адамзаттың жойылатынын болжады

Атақты физик Стивен Хокинг қайтыс боларынан екі апта бұрын адамзаттың жойылатын күнін болжап кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru сайтына сілтеме жасап.
Ғалым соңғы ғылыми жұмыстарының бірінде басқа бір параллель жатқан әлемнің пайда болу үлгісін зерттеген. Стивен Хокинг пен Левен университетінің ғалымы Томас Хертог ғарыштық ұшулар барысында сондай әлемнің бар екенін зерттеуге болатынын айтқан. Физик 2600 жылға қарай адамзат жойылады деген болжам жасаған еді. Оның айтуына қарағанда, уақыт өткен сайын Жер шарында халық саны өсіп, энергия тұтыну арта береді, осылайша планета отты шарға айналады. Апаттан құтылудың жалғыз жолы бар, ол – тіршілікке қолайлы басқа ғаламшарға көшіп кету деді. Ғалымдар болжағандай, 100 жыл өткен соң ғылым одан сайын дамып, адамзат өркениетпен иық тірестіре келе конкистадорлар мен инкалардың тарихын қайталап, Жер шарынан мүлде жоғалып кетуі мүмкін.
Стивен Хокинг 14 наурыз күні 76 жасында қайтыс болды. Балалық және жастық шағында ғалымның он екі мүшесі сау болғанмен, алпысыншы жылдардың басында бүйір амиотрофиялық склероз дертіне шалдыққан. Ауруы асқанған жігіт сол кезде сал болып қалған.
Baq.kz
20 наурыз 2018 ж. 910 0