NASA алғаш рет Марстағы ауа райын жариялады
Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Марстағы Jezero кратеріндегі ауа райы жайлы алғашқы есебін жариялады, - деп хабарлайды NASA сайты.
Марста жүретін Рerseverance құралы кратерді зерттеп, Mars Environmental Dynamics Analyzer (MEDA) жүйесін қолдана отырып, Қызыл планетадағы ауа температурасы мен жел, радиация туралы болжам жасады.
Құрылғыда орнатылған MEDA қоршаған ортаның температурасын 30 минут бойы өлшеген. Зерттеу нәтижесінде оның әр жарты сағат сайын 5 градусқа өзгеруі мүмкін екені анықталды. Деректерге сәйкес, жарты сағат ішінде ауа температурасы -20°C-тан -25°C-қа дейін төмендеген.
MEDA радиация және шаң сенсоры Jezero аймағында Гейл кратеріне қарағанда атмосфера тазарақ екенін көрсетті. Айта кетейік, Гейлде басқа, Curiosity ровері жұмыс істейді. Ғалымдар қысымды да өлшей алған - ол 718 паскальды көрсеткен.
Инженерлер өлшеу құрылғысы ровердің қолына орнатылғанын атап өтті. Оның сенсоры роликтің белсенділігіне қарамастан жұмыс істейді және Марста жүретін құрылғы демалған уақытта да MEDA ақпаратты жүйелей береді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл өлшемдер Марс туралы жаңа ақпарат біліп, Perseverance-ті басқаруға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар, планетаға адамдардың келуі үшін де өте маңызды.
Еске салайық, 18 ақпанда Perseverance ровері Ingenuity тікұшағымен Қызыл планетаның бетіне сәтті қонды. NASA планетадан алғашқы видеолар мен жаңа суреттерді жариялады.