Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Алғашқы роботтың Марсқа қону сәтінің видеосы жарияланды

Алғашқы роботтың Марсқа қону сәтінің видеосы жарияланды

Американың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (НАСА) марсоходтың Қызыл ғаламшар бетіне қонған әсерлі видеосын жариялады.
Perseverance (Персеверанс) ровері тросс арқылы екі метр биіктіктен ғарыш платформасын түсірген, оған видео және фото құрылғылар ілінген: қону сәтін түсіру үшін 7 камера орнатылған.
Ровер қона салысымен Жерге Марстың бетінен суреттер мен басқа да мәліметтерді жібере бастаған болатын.
Perseverance ровері Джезеро кратеріндегі ежелгі өзеннің арнасынан екі шақырым бірнеше күн бұрын қонса да, «ауыр» бейнефайлдар енді ғана алынуда. Роботтың қону сәтін видео арқылы бақылау – миссияға жауап беретін инженерлер үшін суретті көріп қана қоймай, болашақта басқа да роверлердің қону технологиясын жақсарту үшін маңызды.
Еске сала кетсек, бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды.
Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті – тіршілік белгісін іздеу.

04 наурыз 2021 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (8883)

13 сәуір 2021 ж.

№28 (8882)

09 сәуір 2021 ж.

№27 (8881)

06 сәуір 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам