Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде алғаш рет биоотынмен жүретін пойыз құрастырылды

Әлемде алғаш рет биоотынмен жүретін пойыз құрастырылды

Дизель отынынан бас тарту бағдарламасы аясында Ұлыбританиядағы пойыздарды биогазбен жүретін пойыздарға ауыстыру жоспарланып отыр. Осы жоспар негізінде ағылшынның Ultra Light Rail Partners компаниясы BioUltra деп аталатын биогазбен жүретін экологиялық таза пойыз жасап шығарды.
Барлық қоқыс адам пайдасына жұмыс істейді
Биогазды қозғалтқыштар идеясы бұрыннан болған. Бірақ оны тиімді жүзеге асыру әлі де тәжірибе деңгейінде еді. Ultra Light Rail Partners бұл идеяны алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды. Пойыз тамақ қалдығынан қуат алады.
2020 жылдың жазында Ultra Light Rail Partners компаниясы инновациялық вагондардың алғашқы сынақтарын өткізді. Ұзындығы 20 метрлік жаңа пойыз 120 жолаушыны тасымалдай алады және сағатына 80 км жылдамдықпен жүре алады.
Әрине, мұндай пойыздар үлкен жолаушылар мен жүк пойыздарын жақын арада алмастыра алмайды. Бірақ қала сыртындағы электр пойыздары мен қалалық трамвайлардың орнын баса алады. Көптеген елдерде «тастанды» теміржолдар бар және олар электрлендірілмеген. Бұл жолда  жанармаймен қозғалатын шағын пойыздар жүреді. BioUltra осындай жерлерге қолайлы.
Экологиялық дамуды Innovate UK мемлекеттік агенттігі қолдайды. Ultra Light Rail Partners компаниясы Long Marston-да Innovate UK-тің 500 мың долларлық мемлекеттік грантын алды. Пойыз иісі жоқ биометан газымен жүреді. Пойыздың салмағы небәрі 20 тонна және дизель баламаларынан екі есе жеңіл. BioUltra-ның бұл жеңіл дизайны рельстерді тоздырып, техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтады.
"Біз Ұлыбританияда алғашқы биометан пойызын жасау жобасын сәтті аяқтағанымызға және Innovate UK екінші грантын алғанымызға қуаныштымыз. Бұл ыңғайлы, заманауи, сенімді және қауіпсіз теміржол тасымалына бағытталған бизнесте көрсетілген зор сенім. Біз болашақта Ұлыбританиядағы үлкенді-кішілі қалаларға өз пойызымызды ұсынамыз. Бұл пойыз қоршаған ортаға зиян тигізетін басқа қоғамдық көліктердің орнын басады", - дейді BioUltra жобасының менеджері Беверли Нильсен.
BioUltra пойызының жанармай багының сыйымдылығы 3200 шақырым арналған. Адам қалдығымен жүретін жаңа пойызды дамытудың болашағы айқын – Ұлыбритания үкіметі шағын қалаларды ұлттық теміржол жүйесіне қосу үшін 650 миллион доллар бөлді.
Заманауи өмір салтымен үндестіріліп, әр вагонда вирусқа қарсы функция –ультрафиолет сәулелері, мыс жабыны, антисептиктер және медициналық маскалар орнатылған.

massaget.kz

22 ақпан 2021 ж. 401 0