Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Италияда Этна жанартауы атқылады

Италияда Этна жанартауы атқылады


Италияның Сицилия аралында Этна жанартауы оянды, деп хабарлайды «Хабар 24». Одан атқылаған от пен күлдің биіктігі 4 шақырымға дейін жетті. Сонымен қатар жер асты дүмпулері де сезілді. Қазіргі кезде жанартаудың атқылауы басылды. Мамандардың пікірінше, аралда тұратын халыққа әзірше төніп тұрған қауіп жоқ. Этна – Еуропа құрылығындағы ең биік жанартау. Дүркін-дүркін атқылап тұратын лавасы мен күлінде микроэлементтер көп болғандықтан, тау етегіндегі жер өте құнарлы. Сондықтан ежелден бері айналасында тығыз қоныстанған халық мұнда түрлі дақылдар өсіріп келеді.

21 қаңтар 2021 ж. 1 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30