Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шебер жігіт қатырма қағаздан бірнеше мотоцикл жасады – видео

Шебер жігіт қатырма қағаздан бірнеше мотоцикл жасады – видео

Бразилиялық қатырма қағаздан брендтік мотоциклдер көшірмесін жасайды. Ол қолда бар заттардың бәрін қолданадыОн тоғыз жастағы Сан-Паулу тұрғыны Генри Гонсалвес бірнеше жылдан бері байкер болуды армандайды. Алайда әлі мұндай мүмкіндік болмағандықтан, көлікті қағаздан жасауға кірісіпті.
Ол қатырма қағаз, пластик, қолда бардың бәрінен белгілі бренд мотоциклдерінің репликасын әзірлейді.
Гонсалвес 15 жасынан бері осы іске әуестене бастап, миниатюралық модельдер жасады. Өткен жылдан бастап өлшемі нағыз көлікпен бірдей көшірме істейтін болды. Шебер қолынан шыққан алғашқы мотоцикл - Honda CB 600 F Hornet. Генри туындысын 10 ай бойы әзірлеген.
Екінші байк - BMW R 1200 көшірмесі. Оған әлдеқайда аз уақыт жұмсалды.
Генри өз туындыларын желіде жариялап, интернет жұлдызға айналып шыға келді.


07 қаңтар 2021 ж. 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31