Не себепті ұшақта сақтық үшін парашют берілмейді?

Екіншіден, ұшақ шамамен 10-12 км биіктікте 800-1000 км/сағ жылдамдықпен ұшады. Мұндай жағдайда парашют мүлдем пайдасыз. Себебі, борттың сыртындағы температура минус 40 градустан минус 60-қа дейін жетеді. Оның үстіне оттегі сирек. Мұндай биіктіктен паршютпен секірген адам Жерге жетпей көз жұмады.
Үшіншіден, ұшақ апаттарының көпшілігі әуе кемесі қонып жатқан немесе көкке енді көтерілген кезде болады. Мұндай жағдайда жолаушылар парашютпен секіріп үлгермейді.
Төртіншіден, әуе апаты кезінде адамдар абдырап қалады, оларға парашютпен секіру үшін есікке дейін белгілі бір тәртіппен, кезекпен жеткізу мүмкін емес.
Бесіншіден, 100-500 парашютті алып жүру өте қиын. Ұшаққа оны тиеуге тура келетіндіктен, жолаушылардың жүгін орналастыруға орын қалмайды. Сонымен қатар бұл әуе билеттерінің қымбаттауына әсер етеді, өйткені парашют қымбат тұрады.
Дереккөз: massaget.kz