Тегеранда 180 жолаушысы бар украиналық ұшақ апатқа ұшырады
Тегеран әуежайына жақын жерге украиндық 180 жолаушысы бар ұшақ құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Украиндық әуе борты "техникалық ақаулардың" себебінен апатқа ұшыраған көрінеді. Лайнер Имам Хомейни атындағы тегерандық халықаралық әуежайдың маңынан құлаған.
Оқиға орын алғандығы жайлы ақпаратты әуежай басшысы растады. Айтуынша, ұшақ әуеге көтерілген соң бірнеше минуттан кейін құлапты. Апатқа ұшыраған әуе лайнері Boeing 737 екен.
Әуежайдың ұшып-қону таблосына сәйкес, әуе кемесі сағат 5:15 шамасында аспанға көтерілуң керек болған. PS 752 Тегеран — Киев рейсін орындау "Украина халықаралық авиакомпаниясына" құзырында болыпты.
Естеріңізге салайық, 27 қараша күні Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында ұшқан Bek Air-дің Fokker-100 ұшағы да әуеге көтеріліп келе жатқан апатқа ұшыраған еді. Ұшақ бортында 5 экипаж мүшесін қосқанда 98 адам болған. Қайғылы оқиға 12 адамның өмірін қиды. Ал 28 желтоқсан мемлекет тарапынан қаралы күн деп жарияланды.