Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қара қабыланның ерекшелігі

Қара қабыланның ерекшелігі

Қабылан жайлы естуіміз көп. Оның мысық тұқымдас жыртқыш аң екенін жақсы білеміз. Алайда соның ішінде қара қабылан жайлы хабарыңыз қаншалықты жақсы? 

Қабыланның қолға үйре­тіліп, адамға қызмет жасағанына бес мың жыл болды деседі ғалымдар. Иран­ның патшалары, Бұхардың әмір­лері, Тұранның хандары мен мыр­за­лары қабыланды ит орнына пайдаланып, аңға салған.

Қара қабылан жайлы фильмдер, мультфильмдер де түсіріліп, көзіміз үйренді. Егер сіз қара қабыланды мысық тұқымдас жануарлардың бөлек тармағы деп ойласаңыз қателесесіз. Қара қабылан да, қарабайыр қабылан да жабайы үлкен мысықтарды ажырату үшін қойылған атау. 

Қара қабыланды өзгелерден ерекшелеп тұратыны – оның түсі. Тек ягуар мен леопардтың ғана қара түсті түрлері болады. Оған бірден-бір себеп – меланизм. Жануарлар арасында меланизм кеңінен тараған. Бұл дегеніміз меланист тіршілік иелерінде қара түс ашық түстерге қарағанда басымырақ дегенді білдіреді.  Меланзим әсіресе үлкен мысықтарда көп кездеседі. Көбінесе қара бабыр, теңбілшер, қабылан және пумаға тән. Ғалымдардың айтуынша, қара мысықтардың жүйке жүйесі қарапайым түрлерге қарағанда жақсы дамыған болады.

Жануардың қара түсті болып туылуы меланин пигменттеріне байланысты. Олардың пайда болуы тұқым қуалаушылық қасиеттердің өзгеруімен түсіндіріледі. Меланизм қасиетін мутациямен де түсіндірсе болады, алайда ұрпақтың қара болып пайда болуы жүктілік кезіндегі жағдайлар мен гендердің сәл бұрмалануына әкелетін басқа да жайттардан болуы мүмкін.

Ғалымдар леопардтарға қарағанда ягуарларда қара түстілері жиі кездесетінін айтады. Өйткені саваннаны мекен ететін леопардтар күндіз жемтік іздеп, түнде демалады. Ал қара түсті леопардтарға саваннада тіршілік ету, жауларынан қорғану қиынға соғар еді. Үндістан, Малайзия мен Үнді-Қытай түбегіндегі қалың орманды мекендейтін ягуарлардың арасында қара түстілері көп кездеседі. Күн сәулесі жете бермейтін қалың орманда қара түс басымдық беретіні сөзсіз. Сол үшін де ғасырлар бойы эволюция ягуарлардың қара түсті болуына әкеп соқты. 
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/62826/

27 шілде 2020 ж. 1 400 0