Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 101 жастағы кейуана коронавирустан жазылды

101 жастағы кейуана коронавирустан жазылды

BAQ.KZ. Испанияда 101 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.

Қарт ана Астуриядағы ауруханаға наурыздың 15-і күні жеткізілген. Содан 2 апта ем-дом алған кейуана қазір вирустан айығып үйіне қайтып отыр. Бұған дейін жұқпалы дерттен 93 жастағы қарт жазылып шыққан.

Айта кетейік, испан елінде қазір індетке шалдыққандардың саны 117 мыңнан асты. 11 мың науқас дерттен көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, бүгін наурыздың 26-сынан бері алғаш рет вирустан қайтыс болғандардың саны азайған.

Менің шешемнің дерттен жызылып шығуы өзге науқастарға үміт сыйлайды деп сенемін. Коронавирустан 101 жастағы адам емделсе, сіздердің де аурудан айығып шығатындарыңыз анық. Сондықтан ешнәрсеге қарамай күресу қажет, - дейді науқастың қызы Мари Кармен.
04 сәуір 2020 ж. 805 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031