Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі дүркін Олимпиада чемпионы тікұшақ апатынан қайтыс болды

Екі дүркін Олимпиада чемпионы тікұшақ апатынан қайтыс болды

BAQ.KZ. Аты аңызға айналған баскетболшы Коби Брайант тікұшақ апатынан қайтыс болды. Бұл туралы TMZ хабарлады.

Апат Калабасас қаласында (Калифорния) болды. Тік ұшақ ішінде 5 адам болған. Құтқарушылар борттағы адамдардың ешқайсысы тірі қалмағанын растады.
Дереккөздің хабарлауынша, Коби Брайанттың әйелі Ванесса ұшақта болмаған.

Коби "Лос-Анджелес Лейкерстің" құрамында өнер көрсеткеннен бері жеке тікұшақпен саяхаттап келеді.

Брайанттың артында төрт баласы қалды - Джинна, Наталья, Бианка және 2019 жылдың маусымында дүниеге келген Каприз.

Коби Брайант мансабын 2016 жылы аяқтаған. Ол Ұлттық баскетбол лигасының (NBA) жұлдыздарының ойынына 18 рет қатысқан. Оның ішінде қатарынан 17 ойын.

Бес рет NBA чемпионы атанды және екі рет үздік ойыншы атанған (MVP). Өз мансабында 1996 жылдан 2016 жылға дейін жалғасқан спорттық карьерасында "Лос-Анджелес Лейкерс" сапында ойнады. АҚШ құрамасы сапында 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен.
27 қаңтар 2020 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930