Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 жастағы вундеркинд диплом қорғауға аз уақыт қалғанда университетті тастап кетті

9 жастағы вундеркинд диплом қорғауға аз уақыт қалғанда университетті тастап кетті

2019 жылдың наурызында тоғыз жасар Лоран Эйндховен университетінің электротехника факультетіне түсіп, бакалаврлық жұмысын үш жылдың орнына алты айдың ішінде жазып шыққан.
Әлемді таңғалдырған 9 жастағы Лоран Симонс ЖОО диплом алуға жақындағанда тастап кетті. Ол Эйндховен техникалық университетінің студенті болатын. Бала оқымыстының мұндай әрекетіне университетпен арадағы түсінікпеушіліктер себеп болған, деп хабарлайды Skifnew.kz ақпарат порталы Интерфакс-қа сілтеме жасап.

Лоран Бельгияның Остенд қаласының тумасы. 6 жасында орта мектепке қабылданып, 1 жылдан кейін-ақ Амстердам университетінің медициналық орталығында жұмыс істеуді бастады. 8 жасында математика ғылымдары мамандығы бойынша орта білім алғаныдығы туралы дипломға ие болды.

2019 жылдың наурыз айында 9 жастағы Лоран Эйндховен университетінің электротехника факультетіне оқуға түсіп, бакалаврлық жұмысын 3 жылдың орнына 6 айда жазып бітірді. Бакалавр дипломын қорғау 26 желтоқсанға жоспарланған екен. Әйтсе де, Лоран университет басшылығымен болған арадағы түсініспеушіліктің салдарынан оқуды тастап кетіпті.

Айта кетсек, қазақстандық Абзал Мырзаш 15 жасында университет бітіреді. Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жасар Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр деңгейін алады.
12 желтоқсан 2019 ж. 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031