Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық зергерлік бұйымдар Ұлыбританияда ұсынылды

Қазақстандық зергерлік бұйымдар Ұлыбританияда ұсынылды

BAQ.KZ. Сақина, сырға, білезік және тағы басқа да қазақ ұлттық және заманауи стильдегі Қазақстанда жасалған зергерлік әшекейлер лондондық көрермендерге 1-3 қыркүйек аралығында «International Jewellery London 2019» (IJL) халықаралық зергерлік бұйымдар көрмесінде ұсынылды.


ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстандық «Balausa Jewelry» зергерлік бренді Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен өз зергерлік өнімдерін көрмеге әкелді.

Көрмеге қатысқан бүкіл әлемнен келген зергерлік индустриясының өкілдері қазақстандық зергерлердің 100% Қазақстанда өндірілген күміс және алтыннан жасалған бірегей өнімдерімен танысуға мүмкіндікке ие болды.

«Balausa Jewelry» компаниясы 2010 жылдан бері табысты дамып келеді. Зергерлік бұйымдар Шымкент қаласында өндіріледі, онда 45-ке жуық тұрақты қызметкерлер жұмыс істейді. Аталған компания Қазақстанның зергерлік бұйымдарын өндірушілер арасында алғашқы экспорттаушылардың бірі болды. Жоғары сапа мен бірегей дизайнның арқасында «Balausa Jewelry» зергерлік әшекейлері бүкіл әлем бойынша көптеген жанкүйерлерді тапты», - делінген хабарламада.

Компанияның ерекшелігі ұлттық стильдегі түпнұсқалық дизайнмен бірге зергерлік технологияларға жаңа бағыттарды енгізу болып табылады. Дәстүрлі және заманауи дизайнды біріктіре отырып, компания соңғы зергерлік техника мен технологияларды пайдалана отырып, зергерлік бұйымдарды шығарады.

1955 жылы Лондонда алғаш рет өткен IJL көрмесі ең үздік британдық зергерлік бұйымдар, сондай-ақ әлемнің жетекші брендтері қатысатын жыл сайынғы алдыңғы қатарлы іс-шара болып табылады.

70-тен астам елден келген баерлер IJL-да бірегей зергерлік бұйымдарды іздеу үшін жиналады. Жаңа брендтер үшін көрме әлемнің ірі зергерлік дүкендерінің қатарына кіру мүмкіндігі болып табылады.

Көрме қорытындысы бойынша «Balausa Jewelry» компаниясы британдық зергерлік компаниялармен ынтымақтастық орнатып, қазақстандық өнімдерді Ұлыбритания нарығына жеткізу мүмкіндігін зерттейді.
05 қыркүйек 2019 ж. 1 746 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930