Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияда демалыс күндері дәрі-дәрмек сатып алу қиынға соғады

Германияда демалыс күндері дәрі-дәрмек сатып алу қиынға соғады

ÐеÑманиÑда демалÑÑ ÐºÒ¯Ð½Ð´ÐµÑÑ Ð´ÓÑÑ-дÓÑмек ÑаÑÑп Ð°Ð»Ñ ÒиÑнÒа ÑоÒадÑ
Германияда 20 мың дәріхана бар. Олардың 800-і ел астанасы Берлинде. Бұл елде дәріні телефон арқылы немесе интернет арқылы сатып алуға болады.

Ал рецептпен сатылатынды тек дәріханаға барып алу керек. Германияда дәріні рецептпен сату тәртібі 1968 жылы қабылданған болатын. Мысалы, антибиотикті сатып алу үшін міндетті түрде дәрігердің нұсқауы керек. Ал ереже бұзылса, дәріхана сатушысына алдымен айыпұп салынады. Бұл жағдай екінші мәрте қайталанса, оны бас бостандығынан да айыру сияқты қатаң жаза қолданылады. Алайда бұл өте сирек кездесетін жағдай. Жалпы неміс дәріханалары жексенбіден басқа күндері жұмыс істей береді. Аптаның соңғы күнінде дәріні тек кезекші дәріханаларда ғана сатып алуға болады.

Аньке Рюдингер, Берлин дәріхана қызметкерлер одағының төрағасы:

- Германияда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жақсы жолға қойылған. Егер қажет дәріңіз дәріханадан табылмаса, оған тапсырыс бере аласыз. Сосын шамамен 3 сағаттан кейін келіп алып кетулеріңізге болады. Әдетте дәріханаларда бірнеше адам жұмыс істейді. Білікті мамандар тұрғындарға кеңес береді. Алайда рецептіні тек дәрігерлер ғана жазады.

24.kz
29 маусым 2019 ж. 777 0