Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлі-зайыпты жатын бөлмесінің қабырғасынан 80 мыңға жуық тірі араны тапты

Ерлі-зайыпты жатын бөлмесінің қабырғасынан 80 мыңға жуық тірі араны тапты

Испанияның Гранада қаласының тұрғындары жатын бөлмесінен 80 мыңға жуық тірі ара тапты. 

Ерлі-зайыпты жатын бөлмесінің қабырғасынан 80 мыңға жуық тірі араны тапты
Ерлі-зайыптының сөзінше, екі жыл бойы жатын бөлмеден біртүрлі дыбыстарды естіген. Түнде әлдененің шуынан оянып кетіп, ұйықтай алмаған кездері де жиі болыпты. Ал осыдан үш ай бұрын бөлмедегі дыбыс бұрынғысынан да қатты шыға бастапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 20 minutos газетіне сілтеме жасап. 
Осыдан кейні ерлі-зайыпты үйіне омарташыны шақырған.
Ер адам жатын бөлмені тексеріп, қабырғадан 80 мыңға жуық тірі араны тапқан. 
«Ол жерде араның үлкен ұясы бар еді. Үй иелерінің олардың дыбысына қалай шыдап келгенін түсінбеймін. Мұндай жағдайда 2 жыл қалай өмір сүруге болады?» - дейді омарташы. 
Араның ұясын тасымалдау бойынша маман Серхио Герреро күн жылынуының салдарынан аралардың белсенділігі артқанын түсіндірді. Оның сөзінше, үйдің жанында гүлдер өсіп тұрғандықтар, аралар осыншалықты көбейіп кеткен. 

21 мамыр 2019 ж. 857 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930