Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Францияда Наполеонның тағы сатылды

Францияда Наполеонның тағы сатылды



Франция императоры Наполеон І Бонапарттың тағы француз монархтарының Фонтенбло тарихи резиденциясындағы аукционда 500 мың еуроға сатылды.
Бұл туралы сауданы өткізген Osenat аукцион үйі Twitter парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тақты сатып алған адамның аты-жөні жария етілген жоқ.
Ағаштан жасалып, сыртын алтынмен жапқан тақ о баста небәрі 80 мың еуроға бағаланған. Бұған ұзақ уақыт бойы Наполеон отырған тақтардың саны бесеу деген пікір әсер етті. Олардың бірі Париждің Тюильри сарайында, екіншісі Сен-Клу қамалында, үшіншісі Сенатта, төртіншісі Ұлттық жиналыс ғимаратында, бесіншісі Париж мэриясында сақтаулы.
Аукцион үйінің мәліметіне қарағанда, ХІХ ғасырдың аяғында америкалық филантроп Майкл Генри де Янг Наполеонның осы тағын Сан-Францискодағы бейнелеу өнері музейіне сыйға тартқан.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Наполеонның хаттары аукционда жарты млн еуроға сатылған болатын.
Айта кетейік, биыл тамыз айында француз императорының туғанына 250 жыл толады.

24.kz
11 сәуір 2019 ж. 911 0