105 жастағы кейуана магистр дәрежесін алды
105 жастағы америкалық Вирджиния Хислоп 83 жылдан кейін Стэнфорд университетінен магистр дәрежесін алды.
Вирджиния университеттегі оқуын 1936 жылы бастаған. Ол бакалавр дәрежесін сәтті аяқтап, бірден магистратураға түскен. Бірақ оның күйеуі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери қызметке шақырылып, оқи алмай қалған. «Тек магистрлік диссертациясын аяқтауы керек еді. Бір қадам қалғанда, тағдыр оқудан үзіп әкетті», дейді әжей. Соғыстан кейін Вирджиния күйеуі мен екі баласымен Вашингтондағы Якима қаласында тұрды. Отбасылық міндеттемелеріне қарамастан, Хислоп білімге құмар болды, колледж директоры болып жұмыс істеді, ондаған жыл бойы мектеп пен колледж кеңестерінде қызмет етті. Солай тіршіліктің ағысымен қанша жыл өтті. Жасы 105-ке келіп, аяқталмаған зерттеуін қорғап, дипломын алды. «Мен мұны көп күттім», деді ол.