Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 62 жастағы ақтөбелік әйел АҚШ-та жүк көлігін жүргізеді

62 жастағы ақтөбелік әйел АҚШ-та жүк көлігін жүргізеді


Мәрияш Дабылханова жүк көлігін жүргізуді 59 жасында меңгерген. Тіпті осы транспортты тізгіндеу үшін 2 ай емтиханға дайындалып, 650 сұраққа ағылшынша жауап берген.

Қазақстандық әйелдің АҚШ-тағы өмірін Диапазон сайты жазды. Дерекке сүйенсек, ол Ленин ауданындағы Степное ауылында дүниеге келген. Кейін Жайсандағы техникалық оқу орнын тракторист-машинист мамандығы бойынша тәмамдайды. 
“17-18 жасар кезім. Оқу бітіргеннен кейін 3 жылдай совхозда жұмыс істедім. Бірақ білімімді жалғастыру арманымен техникумға түсіп, агроном маманы атандым”, - деп еске алады Мәрияш. 



1983 жылы тұрмысқа шыққан ол 4 бала туған. 90-шы жылдары Ақтөбе қаласына көшіп келеді. Осылайша 5 жыл пошта қызметкері жұмысын істейді. Арақ-шарап зауытында да еңбектенген. 2014 жылы қызының шақыртуымен күйеуі екеуі АҚШ-қа сапарлайды. 
“АҚШ-та қалып кетемін деп ойламадым. Бірақ алғаш келгенде мен үшін бәрі таңсық болды. Адамдар мейірімді, қала таза. Біз Вирджиния штатында тұрдық. Әрине менің өмірім 180 градусқа өзгерді. YouTube-арналардың бірінен жүк көлігін жүргізетін орыс тілді азаматтардың жұмысын көріп, қатты қызықтым. Осылайша 59 жасымда тракдрайверлер мектебінде 2 айлық оқуға түстім. Теорияны толықтай меңгеріп, ағышлшын тілінде 650 сұрақтан тұратын емтихан тапсырдым. Бәрі сәтті аяқталды. Сонымен мен де жүк көлігі жүргізушісі атандым”, - дейді ол. 



Қазіргі уақытта ол 2019-шы жылғы “Volvo VNL 860” маркалі жүк көлігін жүргізеді. Көлік ішінде керек заттың бәрі бар дейді. Тоңазытқыш, шуйгім, қысқа толқынды пеш дегендей. Бір қызығы Мәрияш жеңіл көлік тізгініне отырып көрмеген екен. 
Ақтөбелік әйел жүк көлігімен АҚШ-тың барлық штатында болғанын да айтып берді. Нью-Иорк қаласынан бастап Техас, Аризона, Вирджиния. Ол 3 апта бойы жолда жүреді, 1 апта демалады. Қазір Мәрияштың 4 ұлдан 9 немересі бар.
05 сәуір 2023 ж. 110 0