Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің 194 мемлекеті пандемияның алдын алу туралы келісім жасасты

Әлемнің 194 мемлекеті пандемияның алдын алу туралы келісім жасасты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше мемлекеттер ұйымның Конституциясында қарастырылған пандемияның алдын алу, дайындық және әрекет ету мәселелерін жаһандық бекіту тәртібіне келісті, деп жазады Egemen.kz.

Әлемнің 194 мемлекеті пандемияның алдын алу туралы келісім жасасты
Фото: who.int

COVID-19 пандемиясының әсерін жою мақсатында ДДҰ-ның 194 мүше-мемлекеті конвенция әзірлеуге келісті. Конвенция болашақ ықтимал пандемиялардың алдын алу мен сақтануды көздейді. Жаһанда мұндай дағдарыстар қайталанса орасан зор адам шығыны болып, экономикалық, демографиялық даму деңгейіне жағымсыз әсер ететіні анық. Жиында ұсынылған шарттар барлық адамның пандемиядан қорғануына бірдей жағдай жасап, оның ішінде, вакциналар, жеке қорғаныс құралдары, ақпарат және сараптама, денсаулық сақтау қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Бұл келісім жетпіс жетінші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының аясында қабылданды. Іс-шара 2024 жылдың 27 мамыры мен 1 маусымы аралығында Швейцарияның Женева қаласында «Бәрі денсаулық үшін, денсаулық барлығы үшін» тақырыбы аясында өтіп жатыр.
«Біздің мүше-мемлекеттер пандемия туралы келісімнің болашақ ұрпақтарды COVID-19 пандемиясы кезінде бастан өткерген қасіреттерден қорғау үшін қаншалықты маңызды екенін толық түсінеді. Мен оларға ортақ негізді табуға және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының осы тарихи келісімін аяқтауға нақты міндеттеме бергені үшін алғыс айтамын», деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.
Бұл келісімшарт ұлттық және жаһандық деңгейде адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына әсер ететін көптеген салаларда одан әрі ынтымақтастықты қамтамасыз ету және нығайту үшін жасалып отыр.

Ерлан КИІКБАЙ,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
28 мамыр 2024 ж. 153 0