Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көңіл-күйді көтеретін 9 дерек

Көңіл-күйді көтеретін 9 дерек

Адам баласы әрқашан көңіл-күйге тәуелді. Өмірдегі түрлі сәттерден қуаныш тауып, ертеңге сеніммен қадам басатындар бар да, болмашы қиындықтарға төтеп бере алмай, жасып қалатындар бар. Айналамызда болып жатқан түрлі оқиға әрқайсымыздың жан дүниемізге өзінше әсер етіп отырады. Сондай ізгі көңілімен әр нәрседен жанына жылылық іздейді. Кедей-кепшікке қол ұшын созып, жетімін жебейді, жесірін демейді. Көңіл-күйіңізге әсер етеді-ау деген 9 деректі назарларыңызға ұсынымыз. Оқып көріңіз...
Әйгілі әртістер, мультипикациялық кейіпкерлер – Микки Маус пен Минни Маус (Уэйн Оллвайн мен Русси Тейлор) шынайы өмірде де ерлі-зайыпты болған екен.
Туылғаннан көздері көрмейтін зағип жандардың күлкісінің басқа адамдардан еш айырмашылығы жоқ. Олар өзге адамдардың күлген сәтін ешқашан көре алмаса да...
Аустралияның бір аралында «Квокка» есімді сүйкімді аң бар. Бұл жануар адамдардан мүлде қорықпайтын көрінеді. Бір кереметі – әрқашан күліп жүреді екен.
Американың батысындағы Теннеси штатында өздерін «Тоғыз нана» деп атаған тоғыз әйел өмір сүреді. Олар ылғи бастарын қосып, дәмді бәліштер пісіріп, жұмыссыздар мен мұқтаж жандарға, жақын адамдарын жоғалтқандарға таратады екен. Бұл үрдісті жалғастырып келе жатқандарына биыл міне, 36 жыл!
Атақты әртіс, ағылшын тілді Винни-Пух бос уақытында жағдайы нашар балалармен өз кейіпкерінің дауысымен сөйлеседі екен.
Адамдар жоғалып бара жатқан тасбақаның түрлерін сақтап қалу үшін, олардың болашақтағы санының артуына жағдай жасауда. Бүгінде тасбақа балаларына "арнайы жол" салыныпты. Ол жол арқылы тасбақа балалары құрлықтан теңізге оңай жете алады.
Дәл осы сәтте Жер шарында қанша мың сәби күліп жатыр екен...
990-2010 жылдар аралығында қайырымды адамдардың арқасында бір миллиардтан көп кедей-кепшікке көмек көрсетілген.
36 жыл бұрын, "Суық соғыстың" өрті тұтанған уақытта, адамдар ғарыш кеңістігіне жердегі цивилизацияның жолдауы түскен «Вояджер» сериясының екі бірдей аппаратын ұшырады. Әлгі алтындатылған видеодиск түріндегі жолдауға ер мен әйел кескіні, жердегі ландшафтылардың және ән-музыканың үлгі нұсқалары енген.

15 қыркүйек 2019 ж. 700 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930