Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапониялықтар өздігінен қалпына келетін аккумуляторды ойлап тапты

Жапониялықтар өздігінен қалпына келетін аккумуляторды ойлап тапты


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапониялық ғалымдар аккумулятордың өздігінен қалпына келуіне жағдай жасайтын бірегей технологияны ойлап шығарды. Аккумуляторды жасау барысында төзімділігі өте жоғары тозбайтын материалдар қолданылған, деп жазды EurekAlert басылымы. 

Қазіргі кезде көбінесе литий-иондық немесе натрий-иондық аккумуляторлар қолданылады. Алайда, қайта-қайта қуаттай бергендіктен, уақыт өте келе бұндай батареялар бастапқы кездегі сыйымдылығын жоғалтып алады. 
Аккумуляторлардың ішкі қабаттары ыдырап, бөлшектене бастағандықтан, жарықшақтар пайда болып, батареяның қуат алу қабілеті азая бастайды. Кейіннен аккумулятор иесі батареясын ауыстыруға мәжбүр болады. 
Жаңа технологияның көмегімен жапониялықтар батареяның тозу уақытын ұзартатын, әрі қалпына келтіргіш арнайы материалды ойлап таба алды. 
Жаңа аккумулятордың қабаттары кулондық тартылыс күші арқылы ұсталып тұрады. Ал кәдімгі қолданыстағы аккумуляторларды жасауда Ван-дер-Ваальс тартылыс күші қолданылады. Ол күші жағынан біріншіге басымдық береді. 
Бұл технология смартфондармен қатар автокөліктердің аккумуляторын жасауда да қолданылады. 
 
 
17 мамыр 2019 ж. 685 0