Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Ғалымдар тұжырымы: Жер шарындағы тіршілік көзі астероид құлауынан пайда болған

Ғалымдар тұжырымы: Жер шарындағы тіршілік көзі астероид құлауынан пайда болған


2010 жылы ғарышты зерттейтін ғалымдар маңызды оқиғаның куәгері болды. Алғаш рет Итокава астероидының топырағы Жерге жеткізілді. Топырақты бүкіл әлем ғалымдары әлі де мұқият зерттеу үстінде, мысалы Аризона штатының ғарыштанушылары одан су бөлшектерін іздеген. Ғалымдардың болжауынша, Жер шарындағы тіршілік көзі астероид құлауынан пайда болған. Су молекулаларының ізін табу үшін ғалымдар өте күрделі, бірақ нақты масс-спектралды талдау жасаған. Технология топырақ үлгілерін ионизациялау кезінде пайда болатын иондардың массалық арақатынасын анықтаған, яғни, молекулалардың салмағын өлшеген. Бұл зат құрамын анықтаудың ең тиімді тәсілі. Топырақ құрамынан пироксен деп аталатын минерал табылған, оның кристалдық құрылымында су бар. Демек, Итокава суға бай астероид. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, астероидтар – дамушы планеталарға су жеткізетін тасымалдаушылар. Астероид арқылы Жер шарындағы судың жартысы ғарыштан келген болуы мүмкін. Айта кетейік, Итокава құрамында су бар жалғыз астероид емес. 2018 OSIRIS-Rex зонды Бенну астереоиды құрамында да су бар екенін мәлімдеген. Бұл топырақ үлгісі Жерге 2023 жылы жеткізіледі

Massaget.kz
06 мамыр 2019 ж. 196 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам