Әйгілі Моника Беллуччидің айдай сұлу қызына жұрт тәнті болды
Әлемге танымал актриса Моника Беллуччи мен оның бұрынғы күйеуі Венсан Кассельдің ортақ қызы Дева бүгінде көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. Ел алдына көп шықпайтын 14 жасар қыз көпшілікті өзінің асқан сұлулығымен тәнті етті. Жұлдызды жұп қызының желіге тарап кеткен ерекше суреттеріне қарап, жұртшылық оның болашақта анасының орнын басар талдырмаш мүсінді ару боларын болжады деп жазады bigpicture.ru сайты.
2013 жылы ажырасатынын хабарлап, елді дүрсілкіндірген Белуччи-Кассель жұбы бірден ел назарына ілікті. Әсіресе жұлдызды ерлі-зайыптылардың Дева және Леони есімді қыздары да көптің талқысына түсті.
Балаларын дүйім жұртқа көрсетпеу саясатын ұстанып келген ғашықтар бұл әрекетін оларға БАҚ тарапынан қысым болмағанын қалағанымен түсіндіреді.Алайда, әйгілі жанұя қыздарын қалай жасырғанымен ақпарат өкілдері Дева мен Леони жайлы мәліметтерді тауып алды. Үлкені 14 жаста болса, кішісі сегізде.
Бүгінде кенже қызы тым кішкентай болған соң, ел назары үйдің үлкен Деваға іліккен. 14 жасар жасөспірім шоу-бизнес әлеміне ақырындап аяқ басып келе жатқан көрінеді.Жақында ғана ол әйгілі Dolce&Gabanna брендінің ерекше жарнамалық түсіріліміне қатысты. Айта кетерлігі, аталмыш сән үйімен Моника Беллуччи бірнеше жыл бойы үзбей жұмыс істеп келеді.
Көпшілік енді жұлдызды анасының орнын Дева басады деп отыр. Мониканың жас кезіндегі суреттерімен қызды салыстырған көпшілік, оның анасынан айнымай қалғанын жазуда.
Тіпті, кейбір желі қолданушылары Деваның асқан сұлулығына тәнті болып, оның жақын арада Моника Беллуччиден асып түсетінін де топшылады.