Өзбекстанда енді туыстар бір-біріне үйлене алмайтын болды
Көрнекі фото: podrobno.uz
Рассказать ВконтактеРассказать в FacebookРасказать в TwitterБұл шешім Отбасылық кодекстегі некелесуге тыйым салынған жағдайлар көрсетілген 16-бапты толықтырады.
"Бүгінде жұбайлардың бірінде психологиялық ауытқу болса немесе басқа некеде тұрған жағдайда некелесуге тыйым салынған.Сондай-ақ, туыстарға тікелей туыстарына, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен әпке-қарындастары, сондай-ақ асырап алушылар мен оларды асырап алынған балаларға некеге тұруға болмайды.
Жаңа заң бұл тізімді немере туыстар арасында неке қиюға тыйым салумен толықтыруды жоспарлап отыр.Айта кетейік, Өзбекстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес неке жасы ерлер үшін 18, әйелдер үшін 17 деп белгіленген.
Алайда, дәлелді себептер болған жағдайда аудан немсе қаланың әкімі неке жасын бір жасқа төмендетуге құқылы.