Мына 7 адамнан қашық болайық!
Жер бетіндегі адамдардың саны қаншалықты көп болса, мінездері де түрліше. Мінездерін жақсы, жаман деп бөліп айту қиын. Мұнымен қатар бұл адамдар біздің өмірімізге өзгеріс енгізеді. Сол себепті досты таңдау кезінде абай болғанымыз жөн. Олай болса төмендегі 7 мінезді адамнан қашық болайық:
1. Сыншылар. Сізге ұнаған ғажап құбылысты жағымсыз деп есептейтін жандар бар. Біреуді «Талантты, болашағы зор» деп бағаласаңыз, сыншы досыңыз оны «Нағыз ақымақ» дейді. Олар үнемі біреумен сөз таластырмаса, тұра алмайды. Мұнымен қоймай, өзімен келіспейтін адамдарды «Нағыз ақымақтың өзі» деп санайды.
Несімен қауіпті: Олар әлем мен жанындағы адамдарды өзінің қалауына сәйкес өзгертіп алғысы келеді. Бұл жандар адамдар әртүрлі болған сайын өмір де ерекше болатындығын мойындамайды. Олар сөз таластыру барысында жинаған негативті эмоциямен қоректенеді.
2. Нәркестер. Бұл адамдар өзін жер әлемнің патшасындай сезінеді. Жоғарыдағы сыншылар секілді адамдарды өз дегенімен жүргізгенді ұнатады. Бірақ қу деуге келмейді. Әдетте оларға «Аспаннан жерге түсші!» деп айтқымыз келеді.
Несімен қауіпті: Олар өздерінің қажеттіліктерін кез келген жолмен өтеуге дайын тұрады. Сіздің қызығушылықтарыңыз мүлдем маңызды емес. Адамдардың өзінің алдында бас иіп, құртша жорғалағанын қалайды.
3. Пессимистер. Бұлар қолда бардың қадірін білмейді. Оған: «Бүгін күн қандай тамаша!» десеңіз, «Ауа райы ертең жаңбыр жауатындығын айтты» деген жауап аласыз. Немесе сүйікті футбол командаңыздың финалға шыққандығын айтсаңыз, финалда міндетті түрде жеңіледі деген сөздер естисіз.
Несімен қауіпті: Бұл адамдар өзгелердің қуанышын ұрлайды. Өмірге деген өкпе, назы жетерлік. Мұндай адамдармен сөйлесу арқылы, өмірден көңіліңіз қалып қалуы да ғажап емес.
4. Манипуляторлар. Олар адамдарды алдаудан алдына жан салмайды. Адамдардың әлсіз тұстарын біліп алған соң, оны өзіне қарсы пайдаланады.
Несімен қауіпті: Бұлардың жанында жүрген адамдар өзін төмен сезінеді. Өзіңіз ұнатпайтын істермен айналысуға мәжбүрлейді. Көп кешікпей өзіңіздің не қалайтындығыңызды ұмытып қаласыз.
5. Армандарды өлтіруші. Сізде жаңа идея пайда бола салысымен, оның орындалмайтындығын айтып, артқа тартады. Табысқа қол жеткізер сәтте, төмен тартып әкетуге дайын тұрады. Арманыңыздың ешқашан орындалмайтындығын айтып, мазаңызды алады.
Несімен қауіпті: Өмірде өздерінің жолы болмағандықтан, басқалардың табысқа жете алатындығына сенбейді. Өздерін дамытуға еш үлес қоспайды. Жаңа өмір бастаудан бас тартады.
6. Екіжүзділер. Олар шынайылық атаулысын баяғыда ұмытқан. Мысалы, сіз күлкілі әңгіме айтсаңыз, жауап ретінде жәй ғана жымия салғанын көресіз. Көзіңізге қарап, жақсы көремін десе де, іштей сізді жақтырмай тұрады.
Несімен қауіпті: Бұл адамдармен қарым-қатынаста болу, шынайы сезімдермен бөлісу мүмкін емес. Тіпті қажет кезде қолдау көрсете алмайды. Бойында жасандылық көп.
7. Мәдениетсіздер. Бұл адамдармен бірге жүрген кезде қызарып, ұялумен уақытымыз өтеді. Олар басында миы жоқ адаммен бірдей. Тіпті өздерінің ұятты әрекет жасап тұрғандарын да байқамайды.
Несімен қауіпті: Бұл адамдар тәртіп пен шекті білмейді. Өзге адамдардың сезімдерін сыйламайды. Мұндай адамдармен дос болғанша, алшақ жүрген мың есе артық. Уақытты мұндай адамдарға құрту үшін өмір тым қысқа.
massaget.kz