Оқырман ояу, қалғыма, «Қазпошта»!
Жыл өткен сайын мерзімді баспасөзге жазылушылар тарапынан «Қазпошта» акционерлiк қоғамына айтылар арыз-шағым көбейіп келеді. Себебі сәлем-сауқат, газет-журнал тасымалдайтын монополист компания оқырмандарға газет-журналын уақытылы жеткізіп бере алмай отыр. Ол аз десеңіз, жазылған басылымын қаншама ай күтіп, соңында жер сипап қалатындар да аз емес. Жылдар бойы қордаланып келе жатқан мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Дегенмен монополист компания міз бақпастан, халықты құр уәдеге сендіріп келе жатыр.
«Газетті күтіп отырғанымызға бірнеше апта болды. Қашан келеді?» деп оқырмандар да редакцияға жиі хабарласады. AIQYN-ды аптасына үш рет шығарғанымызбен, шалғайдағы оқырманның сарыла күтетінін білмеппіз. Жазылған баспасөзін жоқтаған оқырман базынасын «Қазпоштаға» жеткізгендей боламыз. Бірақ оқырманның қолына басылымды дер кезінде жеткізу редакцияның емес, тасымалға жауап беретін акционерлiк қоғамның міндеті емес пе? Мәселенің анығына жету үшін, газетке жазылған әр өңірдегі оқырманымызға хабарластық.
Иә, Жетісу, Түркістан, Жамбыл облыстарынан жазылған оқырмандар әлі де газет келген жоқ деп отыр. Газет-журналын іздегендердің арасында астаналықтар да бар. Жамбыл облыстық Аq jol газетінің бас редакторы Хамит Есаманның айтуынша, газетті тасымалдау, жеткізу үлкен мәселе. Газеттің уақытылы жетпеуі, таратылмауы жайлы оқырмандар тарапынан біраз сын айтылады. Әрине, оқырманның базынасы орынды. Өйткені қалтасынан қаражат шығарып газетке жазылған кезде оның уақытылы жетуін кім болса да күтеді, талап ете алады.
Пошташының жалақысы мардымсыз
Қарағандылық ақын Жанат Жаңқашұлы былтыр жазылған «Қазақ әдебиеті» газетін поштадан өзі барып алыпты.
Әрине, бұл ақша қазіргі нарық заманында ешбір азаматтың жыртығын жамауға жетпейді. Білдей бір аты бар ұлттық компанияның мұнысы ұяттау. «Қазпошта» әр баспасөзбен келісімшартқа отырған. Сәйкесінше, оқырмандардың жазылуынан түскен қаржының жартысын қызмет көрсеткені үшін алып отыр. Бірақ «Қазпошта» келісімшарттағы келісімді орындап отырған жоқ. Заң бұзып отыр. Сонда баспасөзге жазылудан түсіп жатқан қыруар қаржы қайда кетіп жатыр? Қазақ газеттерін құртып жатқан «Қазпоштаның» қызметінің сапасыздығы. Оқырмандардың сенімімен ойнап отыр. Жазылған газеті келмеген соң келесі жылы оқырманның баспасөзге деген қызығушылығы азаяды.
«Қазпошта» басшыларының миллиондап жалақы алатыны Сенат отырысында көтеріліп еді. Ол кезде Сенат депутаттары Қазақстанның пошта саласындағы заң нормаларын Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкестендіруге арналған заңды қабылдап жатқан.
Оны қабылдамай тұрып, сол кездегі сенатор Светлана Жалмағамбетова ауылды жерлерде жұмыс істеп жүрген пошташылардың тым мардымсыз жалақысы туралы мәселе көтеріп, дәрменсіз қызметкерлердің жағдайына көңіл бөлуге шақырған. Осы орайда ол «Қазпошта» басшыларының миллиондап айлық алатынын да айтып салған. Сенатор ханым әріге бармай, Астана маңына жақын елді мекендерді мысалға келтіріп еді.
Ең қызығы, одан бері де оңалып кеткен ештеңе байқалмайды. Баяғы жартас – бір жартас. Әлі күнге ауылды жерде пошташы табу қиын. Себебі 10 мың теңге жалақыға ешкім жұмыс істегісі келмейді. Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңге екені белгілі, 2023 жылдан бастап ол 70 мың теңге болды. Бірақ пошташылардың арасында 7 мың теңге алатындар да бар екен. Бұл – 0,1 мөлшерлемеде істейтіндердің еңбекақысы. Себебі ауылдық жерлерге пошта аптасына екі рет қана жеткізіледі, яғни пошташы қалған күндері бос болатындықтан, ол күндерге ақы төленбейді. Қазіргідей қымбатшылық қос бүйірден қысқан уақытта мұндай ақшаға күн көру мүмкін бе? Ауылдық жерде аптаның қалған күндерінде істейтін жұмыс қайдан табылсын? Сондықтан көбі 7 мың теңгені қанағат тұтады. Мұндай айлық алатын адамның еңбек етуге деген құлшынысы қандай болатыны түсінікті. Келген хат-хабар мен газет-журналды уақытында жеткізіп бермейді, тіпті «өздерің үйден келіп алып кетіңдер» дейтін мамандар да бар екен. Пошташылардың төмен жалақы алып, жұмысына салғырт қарауынан мерзімді басылымдардың таралымы күрт төмендеп кеткен. Мәселен, кезінде 10 мың тиражбен тараған «Солтүстік Қазақстан» газетінің таралымы соңғы кезде екі есеге дейін азайған. Қалтасынан ақша шығарып алған газетін әкеліп бермеген соң тұрғындар жазылуды да қойған.
Кешіккен газет – Құр қағаз
«Қазпоштаның» Жамбыл облыстық филиалы пошта логистика және өндіріс бөлімінің басшысы Гүлнара Кервенованың айтуынша, басылымдардың жеткізілу қызметі қатаң бақылауда. Кей кездері оқырмандарға газеттердің уақытылы жеткізілмей қалатын жағдайлары болады. Ол тек «Қазпошта» қызметкерлерінің немесе филиалдардың кінәсі емес.
Жақында елордада Өңірлік мерзімді басылымдар форумы өтті. Жиында газет таратуды «Қазпоштаның» қолынан алып, бизнес өкілдеріне беру керек деген ұсыныс айтылды. Өйткені газет оқырманға жеткенше ақпарат ескіріп қалады.
Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өзекті мәлелерді шешудің өз жолдарын ұсынып, бұл Теміртаудағы ғана емес бүкіл елдегі басылымдарға ортақ проблема екенін алға тартты.
Ақпарат тез тарап жатқан заманда әр газет өз оқырманы үшін күреседі. Демек, газет – аманат. Ал аманатты оқырманның қолына уақытылы жеткізбеу «Қазпоштаға» үлкен сын. Дегенмен бұл сын қаншама жылдан бері айтылып келе жатса да, түзелер емес. Сондықтан «Қазпошта» қызметіне түбегейлі реформа немесе нарыққа жеткізумен айналысатын жаңа компания керек-ақ.

– Turkistan газетіне жазылғанмын. Бірақ қаңтар айында газет 4 рет шықса да, үйге бір нөмірі де келмеді. «Қазпоштаға» барып едім, хабарласамыз деп телефон нөмірімізді алып қалды, – дейді Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны Мұхиддин Сүлейменов.
Иә, Жетісу, Түркістан, Жамбыл облыстарынан жазылған оқырмандар әлі де газет келген жоқ деп отыр. Газет-журналын іздегендердің арасында астаналықтар да бар. Жамбыл облыстық Аq jol газетінің бас редакторы Хамит Есаманның айтуынша, газетті тасымалдау, жеткізу үлкен мәселе. Газеттің уақытылы жетпеуі, таратылмауы жайлы оқырмандар тарапынан біраз сын айтылады. Әрине, оқырманның базынасы орынды. Өйткені қалтасынан қаражат шығарып газетке жазылған кезде оның уақытылы жетуін кім болса да күтеді, талап ете алады.
– Газетті жеткізумен айналысатын, «Қазпоштаға» бәсекелес жеке құрылымдардың жазылу бағасы қымбатырақ. «Қазпошта» тек баспасөзді жеткізіп қана қоймай, оқырмандардың басылымға жазылуына ықпал ете алуы керек. Пошта қызметкерлері журналистермен аймаққа бірге шығып, баспасөзді насихаттауы қажет. Сонда олардың газет-журнал жеткізуге деген жауапкершілігі арта түседі. Сонымен қатар «Қазпошта» газет-журналға жазылған адамдарға, зат тасымалдауда жеңілдіктер ұсынса деген ой бар. «Қазпоштаның» жергілікті басшылығы кемшіліктерін мойындап отыр. Құр мойындап қоймай, соған байланысты әрекет болса дейміз. Редакцияға көп адам хабарласып, газет алмағанын айтады. Бірақ біз газет шығарғанымызбен, оны таратумен айналыспаймыз. Сондықтан бұл құзырет «Қазпоштаның» міндетіне кіреді. Шалғай аймақтардағы оқырман газетті кімнен сұрарын білмейді. «Қазпоштаға» хабарласса, қоңырауды жауапты адам алмаған соң қызметкерлер бір-біріне сілтейді. Сондықтан баспасөздің жеткізілуіне қатысты тәулік бойы ұялы операторлар жұмыс істеп, WhatsApp желісі де қолжетімді болуы керек. Сонда оқырмандар кез келген уақытта хабарласып, газетін жоқтай алады,– дейді Хамит Есаман.
Пошташының жалақысы мардымсыз
Қарағандылық ақын Жанат Жаңқашұлы былтыр жазылған «Қазақ әдебиеті» газетін поштадан өзі барып алыпты.
– Пошташыларды кінәлауға болмайды екен. Мен былтыр жазылған газетімді «әне әкеледі, міне әкеледі» деп ақыры шыдамым жетпей поштаға бардым. Барсам газеттер жиналып қалыпты. Жалғыз менің ғана емес, қаншама оқырманның газеті тұр. Сосын «Бұл газеттің бәрін неге таратпайсыздар?»деп сұрадым. Сөйтсем, олар пошташы жоқ дейді. Себебі пошта тасымалдаушыға күніне 2000 теңге береді екен. Сонда айына 60 мыңға жетпейтін айлық алады, – дейді Жанат Жаңқашұлы.
Әрине, бұл ақша қазіргі нарық заманында ешбір азаматтың жыртығын жамауға жетпейді. Білдей бір аты бар ұлттық компанияның мұнысы ұяттау. «Қазпошта» әр баспасөзбен келісімшартқа отырған. Сәйкесінше, оқырмандардың жазылуынан түскен қаржының жартысын қызмет көрсеткені үшін алып отыр. Бірақ «Қазпошта» келісімшарттағы келісімді орындап отырған жоқ. Заң бұзып отыр. Сонда баспасөзге жазылудан түсіп жатқан қыруар қаржы қайда кетіп жатыр? Қазақ газеттерін құртып жатқан «Қазпоштаның» қызметінің сапасыздығы. Оқырмандардың сенімімен ойнап отыр. Жазылған газеті келмеген соң келесі жылы оқырманның баспасөзге деген қызығушылығы азаяды.
«Қазпошта» басшыларының миллиондап жалақы алатыны Сенат отырысында көтеріліп еді. Ол кезде Сенат депутаттары Қазақстанның пошта саласындағы заң нормаларын Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкестендіруге арналған заңды қабылдап жатқан.
Оны қабылдамай тұрып, сол кездегі сенатор Светлана Жалмағамбетова ауылды жерлерде жұмыс істеп жүрген пошташылардың тым мардымсыз жалақысы туралы мәселе көтеріп, дәрменсіз қызметкерлердің жағдайына көңіл бөлуге шақырған. Осы орайда ол «Қазпошта» басшыларының миллиондап айлық алатынын да айтып салған. Сенатор ханым әріге бармай, Астана маңына жақын елді мекендерді мысалға келтіріп еді.
«Ақмола облысындағы Жарқайың ауданын алайықшы, онда 20 пошташы жұмыс істейді. Олардың барлығы 5,5 жүктемемен жұмыс істейді. Бір жүктеме – 37 мың теңге, сәуірдің 1-інен бастап ол 44 560 теңгеге көтерілді. Дегенмен Гостелло деген ауылда 758 адам тұрады. Ол жердегі пошташы-оператор 0,3 жүктеме, яғни тек 12 300 теңге ғана алады. Ал Тассуат ауылындағы пошта қызметкері 0,2 жүктемемен күн көріп жүр. Бұл – 8 900 теңге. Ауылдардың басым бөлігінде солай», – деп Светлана Жалмағамбетова «Казпоштаның» дәл сол уақыттағы жағдайына баға берген болатын.
Ең қызығы, одан бері де оңалып кеткен ештеңе байқалмайды. Баяғы жартас – бір жартас. Әлі күнге ауылды жерде пошташы табу қиын. Себебі 10 мың теңге жалақыға ешкім жұмыс істегісі келмейді. Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңге екені белгілі, 2023 жылдан бастап ол 70 мың теңге болды. Бірақ пошташылардың арасында 7 мың теңге алатындар да бар екен. Бұл – 0,1 мөлшерлемеде істейтіндердің еңбекақысы. Себебі ауылдық жерлерге пошта аптасына екі рет қана жеткізіледі, яғни пошташы қалған күндері бос болатындықтан, ол күндерге ақы төленбейді. Қазіргідей қымбатшылық қос бүйірден қысқан уақытта мұндай ақшаға күн көру мүмкін бе? Ауылдық жерде аптаның қалған күндерінде істейтін жұмыс қайдан табылсын? Сондықтан көбі 7 мың теңгені қанағат тұтады. Мұндай айлық алатын адамның еңбек етуге деген құлшынысы қандай болатыны түсінікті. Келген хат-хабар мен газет-журналды уақытында жеткізіп бермейді, тіпті «өздерің үйден келіп алып кетіңдер» дейтін мамандар да бар екен. Пошташылардың төмен жалақы алып, жұмысына салғырт қарауынан мерзімді басылымдардың таралымы күрт төмендеп кеткен. Мәселен, кезінде 10 мың тиражбен тараған «Солтүстік Қазақстан» газетінің таралымы соңғы кезде екі есеге дейін азайған. Қалтасынан ақша шығарып алған газетін әкеліп бермеген соң тұрғындар жазылуды да қойған.
– Пошташыға артық жұмыстың қажеті жоқ. Тұрғындарды газет оқуға насихаттаудың орнына жазылуға келіп тұрған адамның өзін түрлі сылтау айтып шығарып салатындар да жоқ емес. Себебі оның бір газет таратса да, жүз газет таратса да алатыны сол 7 мың теңге ғана. Артық жұмысты қайтсін? Бұрын ауылдың пошташылары үй-үйді аралап жүретін. Зейнетақы, жалақы түскен кезде өздері келіп, газет-журналдарға жаздыртатын. Осылайша, халықтың да саяси сауатының ашылуына көмектесетін. Жақсы басылымдарды жарнамалайтын. Ал қазір ауыл тұрғындары пошташыны мүлдем көрмейміз деп шағымданады. Жақында тұрғындарды газетке жаздыру мәселесімен Солтүстік Қазақстан облысының жүз шақты ауылын аралап шықтық. Көбінің пошта қызметіне көңілі толмайды. Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда» сияқты күнде шығатын газеттерді жинап, аптасына бір рет қана апаратын ауылдар да бар екен. Жарияланған дүние ақпараты ескіріп кеткен соң оны кім оқиды? Пошта қызметіне реформа жасау керек, – дейді «Солтүстік Қазақстан» облыстық газеті экономика бөлімінің меңгерушісі Өмір Есқали.
Кешіккен газет – Құр қағаз
«Қазпоштаның» Жамбыл облыстық филиалы пошта логистика және өндіріс бөлімінің басшысы Гүлнара Кервенованың айтуынша, басылымдардың жеткізілу қызметі қатаң бақылауда. Кей кездері оқырмандарға газеттердің уақытылы жеткізілмей қалатын жағдайлары болады. Ол тек «Қазпошта» қызметкерлерінің немесе филиалдардың кінәсі емес.
– Басылымның кешігуіне түрлі жағдай әсер етеді. Мысалы, 20 қаңтарда Egemen Qazaqstan газеті Шымкенттегі баспадан шықпай қалды. Ол келгенше біз күттік. Хабарласқанымызда баспа машинасының сынып қалғанын естідік. Ақыры 3 күн күттік. Сондықтан да газеттің бұл нөмірі оқырмандарға кешігіп жетті. Қаңтар айының басында ауа райына байланысты бірнеше күн жол жабылды. Бұл да газеттің кешігуіне әсер етеді. Ал баспаханадағы газет поштаға келіп түссе, біз уақытылы таратамыз. Сол сияқты республикалық AIQYN, Turkistan газеттері де кешігіп келді. Қазір бұл мәселелерді реттеп, қызмет сапанын көтеруге кірістік. Газетті таратумен пошта тасымалдаушылары және келісімшарт негізінде курьерлер жұмыс істейді. Курьерлерге таратқанына қарай күн сайын ақы төленеді,– дейді Гүлнара Кервенова.
Жақында елордада Өңірлік мерзімді басылымдар форумы өтті. Жиында газет таратуды «Қазпоштаның» қолынан алып, бизнес өкілдеріне беру керек деген ұсыныс айтылды. Өйткені газет оқырманға жеткенше ақпарат ескіріп қалады.
– Үлкен бизнесі бар адамдар газетке ақша салмайды. Газеттен ақша табу мүмкін емес. Теміртау қаласында таза интузиазммен газет аштық. Мемлекеттік тапсырыс алайын десек, газет тек Теміртау қаласына таралады. Ал мемлекеттік тапсырыс тек Қарағанды облысында таралатын газетке беріледі. Екінші мәселе біздің мақсатымыз ақша табу емес, газетті шығару болды. Сондықтан газетті өзіміз тараттық. Өйткені «Қазпоштаның» тарифі қымбат. Бұл бір. Екінші «Қазпошта» уақытында газетті әкелмейді. Сол себепті индекс алудан қиындық туындап отыр. Неге газет тарату ісін монополиядан алып, курьерлік агенттіктерге немесе жеке адамдарға бермеске? – дейді «Теміртау тынысы» газетінің бас редакторы Нұрлыхан Қалқаманұлы.
Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өзекті мәлелерді шешудің өз жолдарын ұсынып, бұл Теміртаудағы ғана емес бүкіл елдегі басылымдарға ортақ проблема екенін алға тартты.
– Құжат дұрыс толтырылмағандықтан немесе конкурста дұрыс қаралмағандықтан өңірлерде біраз басылымның мемлекеттік тапсырыстан қағажу қалғанын білеміз. Реттеуге тырысамыз. Теміртаудың жағдайын мен тағы да сұрастырамын. «Қазпоштаға» байланысты бізде бір ауыл мен екінші ауылдың арасы 100 шақырым. Сондықтан газет жеткізу бойынша кәсіпкерлерді жинадық. Субсидия бөлу мәселесін қарастырдық. Мемлекет басшысы «Қазпошта» басшысын қабылдады. Мәселе шешіледі деген ойдамын, – деді форумда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.