Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Бізді ортақ құндылықтар біріктіреді

Бізді ортақ құндылықтар біріктіреді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында еліміздің бүгіні және болашағына байланысты жаңа бағыттарды, бастамаларды айқындады. Осы бастамалардың арасында қоғамның қолдауына ие болғаны, әрине Ата Заңымыз – Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізу туралы ұсыныстың бүгінгі таңда өзектілігі өте жоғары.
Президентіміздің Ата Заңға өз­­ге­рістер мен толықтырулар ен­­гізу тура­лы республикалық ре­фе­рен­дум өткізу ұсынысы – түп­теп келген­де халықтың та­лап-тілегі мен сұра­нысы. Ата Заң­ға енгізілетін өзге­рістер Жаңа Қазақстан қалып­тас­тыру­дың негізгі қадамы. Рефе­рен­дум арқы­лы Конс­титуцияның 33 бабына тү­зе­ту енгізіледі. Мем­лекет басшысы халық үнін бар­лық реформалар­ды жүзеге асыру­да негізгі әрі бас­ты фактор ретін­де негізге алаты­нын тағы да дәлел­деді. Шын мәнінде, саяси және конс­титу­циялық реформаларды іске асыру жолында республикалық рефе­рен­дум – нақты нәтиже. Себебі, республикалық референдум өткізу азаматтарымыздың конституциялық құқығы, ол еліміздің болашағы үшін зор жауапкершілік жүктейді. Мұның түпкі мәні – Жаңа Қазақстан қалыптастыру.
Ассамблея сессиясында Мем­лекет басшысы геосаяси ахуал туралы айтқанда «Біз жас ұрпақты нағыз отан­шыл азамат етіп тәрбиелеуі­міз керек. Осы ретте саяси және қоғамдық плюрализмнің радикалды сипат алуы­на жол берілмейді. Әсіресе, азаматтарды кемсітуге, олардың ары мен намысын таптауға болмайды», деп тоқталды. Бұл ретте Президентіміз «Бірлігіміз – әралуандықта», деп қадап айтты.
Қоғамда диалог мәдениетін қа­лып­тастыру және өзара түсініс­тік пен сенімді нығайту қажет еке­ні­не арнайы тоқталды. Прези­дент «Біз көзқарастарымыз бен наным-сенімдеріміздегі айырма­шы­лықтарға қарамастан, бір-бірімізді түсінуге және құрметтеуге тиіспіз. Бізді бірік­тіретін, күшейтетін, үй­лес­тіретін ортақ құндылықтар­ға ұм­ты­луы­мыз қажет. Біздің «Әртүрлі көзқарас – бір­тұтас ұлт» деген қағидамыз мызғы­майды», деп нақтылады.
Президент айқындап берген реформаларды жүзеге асыру жолында Парламент Мәжілісінің депутаттары белсенділік танытып, қоғамдық және саяси реформаларды заңнамалық, құқықтық қамтамасыз етуде заңдарды қабылдауға атсалысатын боламыз.



https://egemen.kz​​​
 
---
03 мамыр 2022 ж. 471 0