Кітап туралы қызықты мәліметтер
Баланы оқу-білімге үйрету 7 жасқа қарағанда 4-6 жасында оңайырақ жүреді.
Ер адамдарға қарағанда әйелдер көп кітап (68%) сатып алады.
Италиялық Рио Козелли ең іш пыстырарлық кітаптарды жинайды. Оның топтамасында 10 мың том кітап бар. Бір Италия ақыны кітабын сол жерден көріп, өз-өзіне қол жұмсауға шақ қалған.
Әлемде кітаптардың жартысынан көбін 45 жастан асқандар сатып алады.
Бір роман жазуға шамамен 500 сағат уақыт кетеді екен.
Хормен кітап оқу марафонының ең ұзақ уақыты – 224 сағат.
Ғылымда кітап ұрыларын – библиоклептоман деп атайды. Әлемге әйгілі библиоклептоман – Стивен Блумберг. Ол 270 кітапханадан 23 мың сирек кездесетін кітаптар ұрлаған. Топтамасының жалпы бағасы 20 миллион доллардан асады.
Дүниедегі ең үлкен сөздік – «Неміс сөздігі» (Deutsches Wortetbuch), оны 1854 жылы Якоб пен Вильгельм Гримм жаза бастаған. Кейін басқа да ғалымдар толықтырып, 1971 жылы жазылып біткен. 33 томнан тұратын кітаптың 34519 беті бар.
Қазіргі заманғы ең танымал жазушы – Агата Кристи. Оның кітаптары әлі де әлемнің 50 тілінде баспадан шығып келеді. Осы күнге дейін Агата кітаптарының таралым саны 2 миллиардтан асты.
Әлемдегі ең ауыр кітап – Ұлыбритания мұражайында сақталып тұрған XVII ғасырға тән географиялық карта. Оның бойы 1,9 метр; салмағы 320 киллограмм.
Google әлемде жарық көрген барлық әдеби, ғылыми, публицистикалық шығармалар санын есептегенде олардың саны 130 миллионнан асқан.
Миутына 2000 сөз оқыған Наполеон әлемдегі ең танымал кітап кейіпкері. Ол туралы 10 мыңнан астам түрлі жанрларда кітап жазылған.
95% адам минутына 210 сөз немесе 2 минутта 1,5 бет оқыса, Бальзак жарты сағатта 200 бет оқыған.
Бұрын кітап аса қымбат қазына боп есептелген. ХVIII ғасырға дейін кейбір кітапханалар кітапты шынжырмен байлап қойған.
Кітапты ақырын оқысаңыз 60 пайызын, тез оқысаңыз 80 пайызын есте сақтап қаласыз.
Әлемдегі ең үлкен кітап гонорарын Рим императоры Марк Аврелий грек ақыны Оппианға төлеген. Оның «Балық ұстау және ау» (Галиевтика, Ἁλιευτικά) дастанының әр бетіне 1 дана алтыннан төлеп отырған. Дастан 20 мың бәйіттен тұрады екен.
Әлемдегі ең қымбат "Лестерс кодексі" (Codex Leicester) кітабын Леонардо до Винчи қайта көшіріп шыққан, оны атақты Билл Гейтс бәссаудада 30,8 миллион долларға сатып алған.
Танымал голланд дәрігері Герман Бургавенің «Медицина өнерінің жалғыз һәм терең сыры» атты кітабы өзі қайтыс болғаннан кейін 1738 жылы 10 мың долларға бәссаудада сатылады. Әдемі безендірілген және құлыпталған 100 беттен тұратын кітапты ашқанда, барлық беті бос болып шыққан. Тек, бірінші бетке ғана «Басыңды суықта қалдырсаң да, аяғыңды жылы ұстасаң, сен ең білікті дәрігерлерді де кедей етесің» деп жазылған бір ғана сөз болған.
Дүниедегі ең ежелгі кітап біздің заманымызға дейінгі 3350 жылы жазылған. Бұл қолжазба оны тапқан Эмил Присс құрметіне "Присс папирусы" деп аталған. Авторы перғауынның уәзірі – Пта Готеп. Ол жастардың еріншектігін, жалқаулығын сынаған.