Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ÐлÑмÑздÑÒ£ бÑÑÒаÑÐ°Ñ Ó©Ò£ÑÑÑнде аÑа ÑайÑна байланÑÑÑÑ ÐµÑкеÑÑÑ Ð¶Ð°ÑиÑландÑ
Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады. 15 маусымда Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с болады. Осы күні Өскемен қаласында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Семей қаласында да найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с. 15 маусым күндіз Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр жауады. 14 маусымда күннің екінші жартысында, 15 маусымда кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс бағытына ауысады. Жел екпіні 15-20, 15 маусымда 23 м/с болады. 15 маусым таңертең және күндіз Шымкент қаласында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с. Осы күні Түркістан қаласында таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні 15-20 м/с. 15 маусым таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан және батыстан күшті жел соғады, екпіні 15-20, 23 м/с.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/321994-elimizdi-bir-atar-irinde-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zhariyalandy
---
14 маусым 2019 ж. 883 0