Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер наурызда Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер наурызда Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты

Қазгидромет" РМК өкілдері наурыз айында оңтүстік астанада ауа райы қандай болатынын айтты. Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда наурыздың басында күн жылы, бірақ жаңбырлы болуы мүмкін деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрнекі фото: natworld.infoКөрнекі фото: natworld.info
Рассказать ВконтактеРассказать в FacebookРасказать в Twitter

Мамандардың болжамынша, қыстың соңғы айының аяғында Алматыдағы күн райына циклон әсер етіп, атмосфералық ағындар жүріп өтеді деп күтілуде.
25 ақпаннан бастап кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. Түнгі уақытта температура -5-10 градус суықтан -2 +3 градусқа дейін өзгеріп отырады. Күндіз ауа температурасы 0-ден 3-8 градусқа дейін жылы болмақ. 
Бұдан бөлек, көктемнің келуі де ұзақ күттірмейді.
Наурыздың алғашқы күндері жауын-шашынсыз, ашық күн райы сақталғанымен, әлі де ызғар сезіледі.
Қалада температура түнде 10-15 градус салқын, күндіз - 2-ден +3-ке дейінгі аралықты көрсетеді.
Біртіндеп көктемнің жаймашуақ күндері қыстың ызғарлы ауа райын алмастырады. Мереке күндеріне қарай түнгі температура 0-5 градус суық, ал күндіз 10 градус жылы болады.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, наурыз жылы әрі жаңбырлы болмақ. Орташа температура мен жауын-шашын мөлшері нормадан сәл жоғары болады деп күтілуде. 
24 ақпан 2019 ж. 1 081 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930