Сервистік қызмет көресту орталығы ашылды
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойынан «Жолаушыларға сервистік қызмет көрсету кешені» салтанатты түрде ашылды. Жаңа кәсіпкерлік нысанды ел игілігіне пайдалануға берген жеке кәсіпкер Б. Жүзкенов.
Сервистік кешеннің ашылу салтанатында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, бұл нысанның маңыздылығына тоқталды.
Сұлутөбе ауылдық округі тұсында салынған жол бойы қызмет көрсету кешені «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 1865+930-шы шақырымында орналасқан.
Жаңадан пайдалануға берілген сервистік қызмет көрсету кешенінің жобалық құны 40 млн. теңгеге бағаланып отыр. Кешенде 7-қонақ үй бөлмесі, 100 орындық мейрамхана, автотұрақ, дүкен, көлік жөндеу және жуу орнымен қамтамасыз етілген. Сервистік қызмет көрсету орталығында 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.