ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттері басшыларының отырысы: қандай мәселелер талқыланды
Арал теңізіне араша түсетін халықаралық қордың қызметін жандандыру қажет. Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары жиналып осындай мәлімдеме жасады. Биыл Арал теңізін құтқаруға арналған халықаралық қорға Түрікменстан төрағалық етеді. Түрікменбашы қаласында құрылтайшы мемлекеттердің саммиті өтті. Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің мемлекет басшылары осы мәселеге қатысты 2009 жылдан бері толық құрамда бас қосқан емес. Алматыда өткен саммиттен кейін қордаланған мәселе көп. Түйткілді шешу үшін бестік бір үстел басына қайта жиналып, экологиялық апатпен күресудің тиімді жолдарын ұсынды. Түрікменбашы – Түрікменстанның портты қаласы. Құрғақ континентті аймақта орналасқанына қарамастан, жасыл желекке бай. Халықаралық Аралды құтқару қорына құрылтайшы мемлекеттердің саммитіне дайындық жоғары деңгейде. Президенттер кеңесетін орын ретінде «Аваз» ұлттық туристік орталығы таңдалған. Ғимараттардың кіреберісінде аквариумдегі балықтар су ресурсына қатысты жиынды аңғартып тұрғандай. Алғаш рет Халықаралық Аралды құтқару қорына құрылтайшы мемлекеттердің саммиті 2009 жылы Алматыда өткен болатын. Орталық Азия елдерінің көшбасшылары содан кейін толық құрамда бас қосқан емес. Араға ұзақ жылдар салып саммитті өткізуге түрікмен тарапы ниет білдірді. Саммитке қатысу үшін қазақ басшысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та келді. Елбасы ұшақтан түсе салысымен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен екіжақты кездесу өткізді. Әңгіме өзегі – арадағы алыс-беріс жайы. Президент сөз арасында саммитті өткізгені үшін әріптесіне алғысын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - У нас с вами добрые братские отношения. И у нас между народами никаких проблем никогда не было. В этом духе нас сейчас надо поднимать торговлю. Для этого возникают хорошие обстоятельства транспорт через железную дорогу, через Каспий. Все это позволит нам повысить торговлю, границы рядом, затраты небольшие. Это взаимовыгодно. Спасибо за приглашение, надеюсь, мы проведем важное и хорошее событие. Гурбангулы Бердімұхамедов, Түрікменстан Республикасының Президенті: - Біздің елдеріміз бұған дейін келіскендей, жол картасын одан әрі дамыта бермек. Транзиттік дәлізді бірлесе жандандырамыз. Одан бөлек, энергоқауіпсіздік саласында бірлесе атқаратын іс көп. Орталық Азия өңірінде су тапшылығы бұрыннан бар. Сырдария және Әмударияның суы 5 мемлекетке толық жетпейді. Екі өзен де Арал теңізіне келіп құяды. Ал аймақтағы 71 млн халық тіршілік нәріне тәуелді. Қос өзенді жағалай қоныстанған халықтың негізгі табысы суармалы жерден алынатын өнімдермен тығыз байланысты. Арал теңізіндегі судың сарқылуы экологиялық жағдайды ушықтырып отыр. 1993 жылдан бері Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан тығырықтан шығудың жолын бірлесе іздеп, Халықаралық Аралды құтқару қорын құрғаны белгілі. Президент қор жұмысын жандыруды ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Анализ текущего состояния бассейна Аральского моря показывает, что, несмотря на наши усилия и некоторые успехи, степень роста угрожающих экологии факторов опережает масштабы принимаемых мер. К ним относятся как климатические изменения, так и несогласованная водохозяйственная деятельность наших стран. Нельзя не отметить и недостаточную эффективность деятельности МФСА, потенциал которого на сегодняшний день используется не в полной мере. В этой связи в узком составе мы подробно обсудили актуальные проблемы, а также задачи МФСА, направленные на повышение эффективности организации и координацию наших усилий. Қазақстан – Өзбекстан және Түрікменстан секілді суға орта шенінен қосылатын мемлекет. Орталық Азия елдері үшін халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру өзекті. Әсіресе трансшекаралық өзендердің суын пайдалану барысында тепе-теңдік сақталуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Необходимо провести совершенствование организационной структуры и договорно-правовой базы МФСА на основе действующих институтов Фонда. Это позволит повысить качество работы МФСА, укрепить его потенциал и адаптировать организацию к современным реалиям. Второе, настало время автоматизации системы управления, распределения, учета и мониторинга водных ресурсов бассейна Аральского моря, в том числе их качества. Это обеспечит прозрачность использования воды странами и укрепит взаимодоверие. В рамках программы действия по оказанию помощи странам бассейна Аральского моря необходимо делать упор на реализации региональных проектов. Такой подход позволит существенно повысить результативность принимаемых нами мер, масштабировать положительный эффект сотрудничества. Қазақстан қор құрылғалы кезең-кезеңімен тиісті жұмыстарды атқарып келеді. Соның бірі – САРАТС-1 жобасы. Қазір Кіші Аралдан жылына 8 мың тонна балық ауланады. Жалпы, экологиялық ахуалды жақсартуға байланысты 140-тан астам жоба жүзеге асырылды. Нәтижесі – Арал маңындағы халықтың әлеуметтік мәселесі оңалды. Бұл – Халықаралық Аралды құтқару қорының 25 жылда атқарған жұмысының бір парасы. Аралдан ұшқан тұздар қоршаған ортаға зиян. Табиғи апатпен күресу үшін күш біріктіру керек. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - 80 млн тонн соли и химикатов, которые пришли сюда с орошаемых полей поднимаются вверх и распространяются от Западной Европы до вершин Гималаи. Даже в Северном Ледовитом океане находят следы. Это является самой крупной катастрофой в истории человечества. Обсуждая эту проблему, мы сегодня сочли необходимым с этой трибуны обратиться ко всемирному сообществу, в Организацию Объединенных Наций, всем фондам, банкам, которые занимаются этими вопросами, обратить внимание и поддержать усилия наших государств, чтобы хотя бы уменьшить зло, которое приносит море сейчас людям. Мы со своей стороны договорились совершенствовать работу фонда. В узком кругу откровенно обсуждали, чего нам не хватает, что принятые 20 лет решения уже устарели. Нам надо посмотреть все руководящие исполнительные органы фонда, исполнительный комитет. Были дельные предложения о том, чтобы с научной точки зрения подойти туда. Единственное спасение – укрепить соль на дне, зелеными насаждениями, которые предложат нам ученые. Саммиттегі жиі көтерілген мәселе – әлемдік қоғамдастықтың назарын Арал теңізіне аударып және күрмеулі мәселені шешудің жолдарын бірге іздеу. Ортақ жоспар, өзара келісімнен өзге қаржы да керек. Себебі, Арал теңізі жақтан тосыннан соққан тұзды дауыл табиғаты қиын өңірдің тұрғындары мен ауыл шаруашылығына қауіпті. Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті: - 4 күн тоқатамай соққан құмды дауыл ауыл шаруашылығына қаншама зиян келтірді. Жағдаймен түбегейлі күресу үшін донор табуымыз керек. Бүгін саммитке жиналған бестіктің ұстанған бағыты мен көзқарасы бірдей. Арал теңізінің ахуалын тұрақтандыру үшін халықаралық қаржы институттарын тартуымыз керек. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған тағы бір бастама – Халықаралық Аралды құтқару қорының атқару комитетін 5 мемлекеттің бірінде тұрақты қоныстандыру. Бұл төрағалық етуші тарап ауысқан кезде жұмысты тежемеу үшін қажет. Сороонбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті: - Өздеріңізге мәлім, Қырғызстан 2016 жылы қордағы жұмысын уақытша тоқтатты. Бәрін сырттай бақыладық. Біздің ортақ мақсатымыз – Аралды сақтау. Қырғыз тарапы су ресурстары мен энергетикалық мәселелерді талқылауға әрдайым ашық. Орталық Азиядағы бес мемлекет бір-бірімен өзара тығыз байланысқан жəне тұрақты əлеуметтік-экономикалық қатынастар ғана дамуға түрткі болатынын жақсы біледі. Халықаралық Аралды құтқару қорына құрылтайшы мемлекеттер өз ойларын ортаға салды. Мәселен, саммитті өткізген түрікмен тарапы Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен арнайы бағдарлама әзірлеуді ұсынды. Қалай десек те суды қысым құралы ретінде қолданудың түбі жақсылыққа әкелмейтіні тарихтан мәлім. Су – аймақтағы ортақ игілік. Қазақстан арнасы кепкен Арал теңізіне қатысты кез келген мәселені ымыра мен ортақ мүдде тұрғысынан шешуге әзір. Түрікменстанда бас қосқан бестік алдағы уақытта жиі кездесіп тұруға уағдаласты. Бүгінгі отырыста айтылған ұсыныстар бойынша үкіметаралық жоспар түзіліп, іс жүзінде жүзеге асырылмақ.
24.kz
24.kz