Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Экология министрі Қазалыдағы орман тұқымбақтарының жұмысымен танысты

Экология министрі Қазалыдағы орман тұқымбақтарының жұмысымен танысты

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровпен бірге Қазалы ауданындағы бірқатар орман шаруашылығы нысандарын аралады.
Алдымен олар Қазалы қаласында жақында пайдалануға берілген орман тұқымбағының жұмысымен танысты. Аталған жоба Мемлекет басшысының орман қорын ұлғайту және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен жүзеге асырылған. Жобаның жалпы құны — 440 млн теңге.
Аумағы 33,5 гектарды құрайтын тұқымбақ қажетті инфрақұрылыммен және 16 арнайы техникамен жабдықталған. Мұнда қара сексеуіл, жапырақты және жеміс ағаштары, үйеңкі секілді түрлі көшеттер өсіріліп, қорғаныш жасыл белдеу қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда тұқымбақта 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сапар аясында министр мен облыс әкімі Қазалы қаласындағы Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығына қарасты тұқымбақтың да жұмыс барысын көрді.
Жалпы аумағы 32 гектар болатын нысанның 17 гектары орман алқабымен қамтылған, ал қалған 15 гектары жайылымдық жер ретінде пайдаланылуда. Мұнда жыл сайын 1-1,5 млн дана көшет өсіріледі.
Тұқымбақта өңір климатына бейімделген ағаш түрлерін көбейтуге де ерекше мән берілген. Атап айтқанда, айлант, катальпа, туя секілді 10 түрлі ағаш көшеті жерсіндіріліп, бес түрлі жеміс ағашы өсірілуде. Сонымен қатар Арал теңізінің құрғаған табанына егілетін сексеуіл көшеттері де осы орталықта дайындалады.
Биыл тұқымбақта сексеуіл көшеттерін егу жұмыстары жалғасады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта орталықта 41 адам еңбек етеді.
Жалпы, Қазалы ауданындағы орман тұқымбақтарының жұмысы өңірдің жасыл қорын ұлғайтуға, Арал маңындағы экологиялық ахуалды жақсартуға және орман алқаптарын қалпына келтіруге бағытталған маңызды жобалардың бірі саналады.
26 қыркүйек 2026 ж. 19 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930