Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕ БҮГІН АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

ШИЕЛІДЕ БҮГІН АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Бүгін, 10 қыркүйекте, Шиеліде ауа райы жылы болады. «Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, күндіз ауа температурасы +23…+28°C шамасында болады. Өңірде желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр болады. Қызылорда облысының шығысында күндіз жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Сондай-ақ синоптиктер облыстың оңтүстігі мен орталығында жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал екенін болжаған. Кей аумақтарда шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнде Шиеліде ауа температурасы +12…+17°C аралығында болады деп болжануда. Тұрғындарға ауа райының өзгеруін ескеріп, жел күшейген жағдайда сақтық шараларын сақтаған жөн.

Дереккөз: «Қазгидромет» РМК 
10 қыркүйек 2026 ж. 146 0