Қазақстан мен Үндістан 122 млн долларлық келісімдерге қол қойды
Ченнай қаласында өткен Қазақстан-Үндістан сауда және инвестициялар жөніндегібизнес-форумы нақты нәтижелермен қорытындыланды. Форум барысында жалпы құны 122млн АҚШ долларын құрайтын екі негіздемелік келісімге қол қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Солардың бірі Қазақстанда Sonalika/Solis тракторларын құрастыру мен өндірісін кезең-кезеңімен жергіліктендіруге бағытталған. Келісім «SPBKM» ЖШС мен International Tractors Limited компаниясы арасында жасалды. Жоба аясында тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу, құрастыру, өндірісті жергіліктендіру, тарату және кейінгі сервистік қызмет көрсету мәселелері қамтылады. Келісімнің құны – 120 млн АҚШ доллары.
Тағы бір келісім «SP BKM» ЖШС мен Big Bang Boom Solutions Private Limited компаниясы арасында қорғаныс технологиялары, ішкі қауіпсіздік және қосарлы мақсаттағы шешімдер саласында жасалды. Тараптар Қазақстанда өзара тиімді жобаларды бірлесіп анықтап, бағалап, іске асыру мүмкіндіктерін қарастырады.
Қазақстандық делегацияны Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков бастап барды. Сапар аясында ол Тамилнад штатының Сауда, өнеркәсіп және инвестицияларды ілгерілету министрі Селви С. Киртанамен және International Tractors Limited компаниясының атқарушы директоры Рахул Митталмен кездесті.
Бизнес-форумға Қазақстан тарапынан 110-нан астам өкіл қатысты. Олардың қатарында еліміздің әр өңірінен келген 65-ке жуық компания бар.
Олар машина жасау, агроөнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі,фармацевтика, денсаулық сақтау, құрылыс, мұнай-газ, жеңіл өнеркәсіп, IT жәнелогистика салаларын таныстырды.
Кездесулердің негізгі мақсаты – қазақстандық және үндістандық компаниялар арасындағы тікелей байланысты күшейтіп, сауда көлемін арттыру, инвестиция тартужәне бірлескен жобаларды іске қосу.
Форумда өңірлер арасындағы байланысты дамытуға да басымдық берілді. Ақмола, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласыныңөкілдері өз өңірлерінің экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, үндістандық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын жобаларын ұсынды.
«Қазақстан Үндістанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді. Біздің қарым-қатынастарымыздың әлеуетін толық пайдалану үшін өңірлер мен бизнес өкілдерінің арасындағы байланысты күшейту қажет. Сондықтан Қазақстан өңірлері мен Үндістан штаттары арасындағы тікелей әріптестікті дамытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз», – деді Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков.
Үндістан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында екі еларасындағы тауар айналымы 315,4 млн АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Үндістанға экспорт көлемін ұлғайтып, жеткізілетін тауар түрлерін көбейтуді көздеп отыр. Қазіргі таңда экспортты шамамен 313 млн АҚШдолларына арттыруға мүмкіндік беретін 95-ке жуық тауар позициясы анықталды. Олардың қатарында металлургия, химия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс жәнемашина жасау өнімдері бар.
Кездесулер барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық таталқыланды. Қазақстан Үндістан тауарларын өз аумағы арқылы Орталық Азия, Қытай және Еуропа нарықтарына жеткізуді кеңейтуге мүдделі.
Бұдан бөлек, агроөнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, маңыздыминералдар, өнеркәсіптік кооперация, фармацевтика, цифрландыру, жасанды интеллект, IT және энергетика салалары бірлескен жобалар үшін перспективалы бағыттар ретінде қарастырылды.
Қазақстан үндістандық инвестициялар мен технологияларды тартып, елде жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамытуға және өнімдерді жергіліктендіруге мүдделі. Осы мақсатта үндістандық компанияларға Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтарда өндіріс ашу мүмкіндіктері таныстырылды. Қазір еліміздің14 өңірінде 17 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Олар инвесторларға дайын инфрақұрылыммен қатар, салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсынады.
Жұмыс сапары барысында қазақстандық делегация Ченнайдағы бірқатар өнеркәсіптікжәне инновациялық кәсіпорындарға барды.
Олардың қатарында жүк, жолаушылар, құрылыс, тау-кен және арнайы техникаға арналған автоматты трансмиссиялар өндіретін Allison Transmission India Private Limited жәнедәрі-дәрмек өндіру мен жеткізуге маманданған Caplin Point LaboratoriesLimited фармацевтикалық компаниясы бар.