Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден алтын жүлде алды

Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден алтын жүлде алды

Чехияның Френштат-под-Радгоштем қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогінің кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оған әр елден 57 спортшы қатысып, екі күн бойы жүлделерді сарапқа салды. Жарыстың алғашқы күнінде Данил Васильев үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Ол турнирдің қорытындысында 258,4 ұпай жинады. Австрия өкілі Якоб Штайнбергерге (236,6) күміс жүлде бұйырса, Польшаның спортшысы Ян Галица (236,3) қола медальге ие болды.

Екінші күн де Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды. Бұл жолы Илья Мизерных 267,4 ұпаймен жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, Данил Васильев 259,8 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Үшінші орынды австриялық Якоб Штайнбергер алды. Ол 244,5 ұпай жинады.
Осылайша, Қазақстан командасы Чехиядағы FIS кубогі кезеңін екі алтын және бір күміс медальмен қорытындылады.
09 қыркүйек 2026 ж. 24 0

Қоғам

ТАМЫРДАН ТУЫНДЫҒА...
09 қыркүйек 2026 ж. 41

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930