Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет отставкаға кетті

Үкімет отставкаға кетті

Үкімет отставкаға кеттіМемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндетін атқаратын болсын.
2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған жарлық мәтінінде.
Еске салайық, бұған дейін Құрылтай жұмысы басталғаннан кейін қазіргі Үкімет өз өкілеттігін тоқтатуға міндетті екені хабарланды.
Премьер-министр тағайындалғаннан кейін он күн ішінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныс енгізеді. Президент оның мүшелерін Құрылтаймен кеңескеннен кейін тағайындайды. 
28 тамыз 2026 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031