Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада жаңа мұрал пайда болды

Астанада жаңа мұрал пайда болды

Астанада жаңа мұрал пайда болдыЕлордадағы Бөлекпаев көшесі, 13 мекенжайында «Арманың асқақ болсын!» атты жаңа мұрал бой көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, көркем туынды адамның арманға ұмтылысы, жаңа белестерді бағындыруы және өз мүмкіндігін кеңейту идеясын бейнелейді. 
«Мұралдағы ұшақ саяхаттың ғана емес, адамның ішкі өзгерісі мен батыл шешім қабылдауға дайын екенінің символы ретінде көрініс тапқан. Ал гүлденген ағаштар кез келген жетістіктің негізінде даму мен үздіксіз ізденіс жатқанын білдіреді», делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы қаласының Самал-3 шағын ауданындағы 21-үйдің қасбетінде КСРО Халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағланова бейнеленген мұрал пайда болғаны туралы хабарлаған едік.

29 шілде 2026 ж. 35 0