Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЦИФРЛАНДЫРУ - ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

ЦИФРЛАНДЫРУ - ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Мемлекет басшысының Жолдауында экономиканы жаңғыртудың басты бағыты ретінде цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу ерекше атап өтілді. Бұл бастама бүгінде нақты нәтижесін беріп, өңдеу өнеркәсібі мен энергетика салаларында жоғары технологиялы жобалардың жүзеге асуына жол ашуда.

Қызылорда облысындағы «Абзал и К» компаниясы өндірісті цифрлық трансформациялау арқылы жаңа күріш өңдеу зауытын іске қосты. Құны 1 млрд теңгені құрайтын жоба нәтижесінде өндіріс қуаты 2,5 есеге артты, ал қалдық көлемі 3-4 пайызға дейін азайды. Зауыт сағатына 12 тонна күріш өңдейді. Барлық процесс автоматтандырылып, өнім сапасы цифрлық жүйелер арқылы тұрақты бақыланады. Сонымен қатар кәсіпорын күн электр станциясын пайдаланып, «жасыл» технологияларды енгізуде.

Одан бөлек, өңірдегі тағы бір маңызды жоба – «Aksa Energy» компаниясы жүзеге асырған жаңа жылу электр орталығы. Құны 215 млрд теңге болатын станция толық цифрлық басқару жүйесімен жабдықталған. Оның қуаттылығы 240 МВт электр және 277 Гкал жылу энергиясын өндіруге жетеді. Қазіргі таңда станция бірыңғай желіге 170 МВт электр қуатын беріп отыр.

Аталған жобалар өңірдің өндірістік және энергетикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, цифрлық технологиялардың тиімділігін нақты дәлелдеп отыр.
15 сәуір 2026 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930