ҰЛЫТАУДАН ҚЫЗЫЛОРДАҒА ДЕЙІН
Ұлттық құрылтайдың осыған дейінгі төрт отырысында ел дамуына қатысты талай ой айтылып, бастамалар көтерілді, мемлекеттік бағдарламалар дайындалып, заң қабылданды. Қаңтардың 20-сы күні Сыр елінде өтетін бесінші құрылтайдың салмағы да ауыр болмақ. Тарихи астанаға құрылтайдың келуінің өзі алда үлкен белес тұрғанын көрсететін секілді. Ал бұған дейінгі басқосуларда қандай шешімдер қабылданды? Төрт жылға шегініс жасап көрейік.Құрылтай шақыру – ертеден келе жатқан ата дәстүр. Бабаларымыз маңызды мәселелерді осындай алқалы жиында талқылаған. Халық өзара ақылдасып, бір тоқтамға келген. Басқосудағы шешімдер бүкіл елді біріктірген.
Төл тарихымызда ұлт тағдырын шешкен құрылтайлар болған. Оның көбі халқымыз үшін маңызды кезеңде өткізілген. Мысалы, Талас құрылтайынан кейін Алтын Орда дербес мемлекет болды. Қарақұм және Ордабасы құрылтайлары жұртымызды ел қорғауға ұйыстырды. Орынбордағы бірінші қазақ құрылтайында Алаш партиясы құрылды. Екінші құрылтайда Алаш автономиясы жарияланды. Ел егемендігін алған тұста Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы өтті. Бұл жиында сырттағы қандастарымыз атамекенге шақырылды.
Бабалар жолын ұстанған еліміз елдікті нығайтып, бірлікті бекемдей түсу мақсатында құрылтай шақыру дәстүрін қайта жаңғыртты. Президенттің бастамасымен Ұлттық құрылтайлар ежелден елге киелі, топырағында хандар мен әулиелер тыным тапқан өлкелерде өткізілді. Алғашқы жиыны Алаша хан, Жошы хан кесенесі тұрған Ұлытауда өтті. Құрылтайдың екінші жиыны Әзірет Сұлтан кесенесі орналасқан, атақты хандар мен аруақты би-сұлтандардың сүйегі жатқан қасиетті Түркістанда, үшінші отырыс Атырау қаласында ұйымдастырылды. Әйгілі Сарайшық қаласы осы жерге тиіп тұр. Бұл шаһар Ұлық ұлыстың, кейін Қазақ хандығының маңызды әкімшілік және сауда орталығы болғаны тарихтан белгілі. Төртінші Құрылтайдың Бурабайда өтуінің де өзіндік себебі бар. Бурабай – қазақ халқының тарихында ерекше орны бар, Абылай ханның ордасы тігілген, үш жүздің басы қосылған қасиетті мекен. Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданған бұл аймақ бірлік пен мемлекеттіліктің символы саналады. Ұлттық құрылтайдың дәл осы жерде өтудегі мақсаты – тарихи сабақтастықты көрсету еді. Алдағы тарихи жиынға Қызылорданың таңдалуы да символдық мәнге ие. Себебі бұл қала Қазақстанның алғашқы астанасы болып, дәл осы жерде 1925 жылдың 15 сәуірінде «қазақ» тарихи атауын қайтару туралы шешім қабылданған. Оның үстіне Сыр өңірінде елге астана болған Жанкент, Сығанақ сынды тарихи қалалар да бар.
Ұлытау – саяси жаңғыру басталған мекен
2022 жылы 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қарағанды облысының бөлігінен Ұлытау облысының құрылатынын айтты. «Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім» деді Мемлекет басшысы.

Ұлттық құрылтайдың Ұлытаудағы алғашқы отырысы саяси жаңғырудың бастауы болды. Президент сөзінде реформалардың бағыт-бағдарын атап, жаңа мемлекеттік модельге өтудің маңызын түсіндіруге мән берді. Жиында ұлт бірлігі, құндылықтар жүйесі, қоғамдық келісім, саяси мәдениет секілді тақырыптар қозғалып, атыраптағы ағайын айтылған сөздерді жоғары бағалады.
Ұлытауда «ел атауын өзгерту» деген ұсыныстарға Президент тоқтау айтып, ондай қадамның салдары көп екенін ескертті.
Ұлытаудың нақты нәтижелерін айтқанда, 25 қазанды Республика күні ретінде қайта белгілеу ұсынысы қолдау тауып, мереке мәртебесі қайтарылды. Тіл саясаты, тарихи сана, өңірлік даму сияқты бағыттарда да ұсыныстар көтерілді. Бұл құрылтай жұрт жадында осы оқиғаларымен есте қалды.
Түркістандағы рухани бағдар
Бір жылдан соң Түркістанда өткен екінші құрылтайда «Әділетті Қазақстан – адал азамат» деген идеяны таныстырылды. Мұнда мәдениет пен руханият, әлеуметтік-экономикалық даму, білім-ғылым бағыттарындағы мәселелер талданып, нақты меже қойылды. Салаға салғырт қарайтын басшыларға қатаң ескертулер берді. Жиында қоғам үшін өткір тақырыптың бірі вейп және жастардың есірткіге тәуелділігі болды. Сондай-ақ балалардың оқу мәдениетін көтеру, кітапханаларды жандандыру секілді бастамалардың қоғамдық маңызы жоғары болды.

Атыраудағы әлеуметтік серпін
Атыраудағы көтерілген мәселелердің де ауқымы кең болды. Мұндағы үшінші құрылтай екі күнге жалғасты. Жиында азаматтық қоғам, мәдениет, өңірлік даму, білім-ғылым, әлеуметтік қауіпсіздік саласы бойынша сындарды сөз айтылып, нәтижеге мән берді. Осыдан кейін әйел құқығы мен бала қауіпсіздігі туралы Заң қабылданып, нәтижесін көп өтпей көрдік. Сондай-ақ вейпке тыйым салу, мемлекеттік наградалар жүйесі, ономастика тәртібі, құмар ойындар, қоғамдық денсаулық тәрізді күрделі мәселелер де күн тәртібіне шықты.

Бурабай баурайындағы жүйелі жоспар
Бурабайдағы төртінші құрылтайда да ұсыныстар жинақталып, жоспарға түсіріліп, жауапты органдарға бекітілетіні туралы нақты айтылды. Дәл осы отырыста 53 тармақтан тұратын жоспар қабылданды. Құрылтай бастамаларымен байланысты деп көрсетілетін тұжырымдамалар мен кешенді жоспарлар жиі айталы бастады.

Бурабай белесіндегі отырыста әлеуметтік-экономикалық бағдарға тағы мән беріп, түрлі ұсыныс айтылды. Бюджет тиімділігі, өңірлер арасындағы теңсіздік, ресурстарды бөлу, шекаралық аумақтарды дамыту, әлеуметтік инфрақұрылым секілді тақырыптар көтерілді. Әлеуметтік-рухани салада да қоғамдық жобалар күн тәртібіне шықты.
Алда тарихи астанадағы Құрылтай
Осылайша Ұлытауда басталған бұл тарихи жиын Түркістанда рухани бағдарын айқындап, Атырауда нақты әлеуметтік-құқықтық шешімдерге ұласты, Бурабайда жүйелі жоспарлаумен бекіді. Енді кезек – тарихи астана Қызылордадағы бесінші құрылтайда.

Қызылорда – Қазақ автономиясының астанасы болған, ұлт зиялылары ұйысқан, қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған, ұлттық баспасөз бен мәдениетке серпін берген киелі мекен. Сондықтан V құрылтайдың дәл осы қалада өтуі терең тарихи мәнге ие.
Сыр өңірі – экологиялық, әлеуметтік мәселелерді бастан өткеріп отырған аймақтардың бірі. Бүгінде Арал тағдыры, су тапшылығы, инфрақұрылым, жұмыспен қамту, көші-қон секілді маңызды мәселелер бар. Сондықтан V құрылтайда өңірлер арасындағы теңсіздікті азайту, ресурстарды әділ бөлу, шекаралық және экологиялық аймақтарды қолдау жөнінде нақты ұсыныстар айтылуы мүмкін.
Алдыңғы құрылтайларда көтерілген әйел құқығы, бала қауіпсіздігі, жастар тәрбиесі, зиянды әдеттермен күрес мәселелері бұл жолы да жалғасын табады. Сондай-ақ білім сапасы, ауыл мектептері, медицина, мәдениет, кітап оқу мәдениеті секілді адам капиталын нығайтатын бағыттарға ерекше мән беріледі деп күтеміз.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ