Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

– Сіз теннистен жыл қорытындысы саналатын беделді жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетіп, асқан ерік-жігердің арқасында жеңіске жеттіңіз.
Қазақстандық және әлемдік теннис спортының тарихындағы осынау айтулы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймын және ризашылығымды білдіремін.
Дүбірлі додадағы жеңісіңізді, теннистің дамуына қосқан үлесіңізді және аталған спортты елімізде насихаттауға сіңірген еңбегіңізді ескере отырып, Сізді ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым.
Сізге зор денсаулық, бақ-береке және Қазақстан Республикасының даңқын асыратын жаңа жетістіктер тілеймін, – делінген құттықтауда.
10 қараша 2025 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9446).

17 қазан 2026 ж.

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031