Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұйытылған газ мәселесі бойынша жедел мәжіліс өтті

Сұйытылған газ мәселесі бойынша жедел мәжіліс өтті

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен сұйытылған газ мәселесі талқыланған жедел мәжіліс өтті.

Жиынға қала және аудан әкімдері, жетекші салалардың өкілдері қатысып, сұйытылған мұнай газымен тұрақты қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелді.
«Облыс аумағындағы барлық операторлардың газ қорына мониторинг жүргізіп, қолдан тапшылықты болдырмау үшін талон арқылы сату және баға саясатына зерделеу жүргізіңіздер. Заңнама талаптары бұзылған жағдайда нақты шаралар қабылдаңыздар.
Полиция департаменті, облысқа бөлінген газдың басқа өңірлерге тасымалдануын болдырмау үшін шекараларға тәулік бойы кезекшілік орнатып, бақылауды күшейтіңіздер.
Біздің өңірге бекітілген сұйытылған газ басқа облыстарға кетпеуі тиіс. Бір күннің ішінде халықты газбен толық қамту мәселесін шешуді тапсырамын», – деді Данияр Еренғалиұлы.
Сонымен қатар, газды коммерциялық нысандарға сатпай, бірінші кезекте халықтың сұранысын қамтамасыз ету міндеті жүктелді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
06 қараша 2025 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9351)

04 қараша 2025 ж.

№83 (9350)

01 қараша 2025 ж.

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930